Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дезинфекция, дезинсекция мен дератизация туралы не білеміз?

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизация туралы не білеміз?

Дезинфекция (залалсыздандыру) дегеніміз – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын әртүрлі дезинфекциялық препараттарды және құрал-жабдықтарды қолдана отырып жоюғабағытталған шаралар жүйесі. Яғни жұқпалы және паразитарлық аурулардың кең таралып кетуін болдырмау үшін қолданылатын шаралардың бірі.
Қолдану мақсатына қарай дезинфекция (залалсыздандыру) екі түрге бөлінеді: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).
Сақтық ( профилактикалық) залалсыздандыру шаралары емдеу-сауықтыру мекемелерінде ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.
Ошақтық залалсыздандырудың ағымдық түріндеинфекциялық және паразиттік ауру ошағындағы ағымдағы дезинфекциялауды науқасты күтетін адам, реконвалесцент немесе бактерия тасымалдаушы науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға жатқызғанға дейін, үйде емдеу кезінде – сауыққанға дейін, реконвалесценттерде және бактерия тасымалдаушыларда – толық санацияға дейін жүргізеді.
Жұқпалы және паразитарлық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекция науқас ауруханаға емдеуге жатқызылып, оқшауланғаннан кейін ,науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін, сондай-ақ науқас қайтыс болған кезден бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
Инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді телефон арқылы мемлекеттік органның және медициналық ұйымдардың мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың бөлімдеріне (бөлімшелеріне) береді, кейіннен телефонограмманың мазмұнын қайталайтын жазбаша өтінім келесі жұмыс күнінің соңына дейін жіберіледі.
Дезинфекция шарасымеханикалық, физикалық және химиялық әдiстермен жүргізіледі.
Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар:
1.Бөлме iшiндегi жиһазды жуу.
2.Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу.
3.Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, желдтеу,кір жуу,ылғалды жинау .
4.Қолды жуу.
Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерiне жататындар:
1.Күн сәулесiн қолдану.
2.Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру.
3.Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру.
4.Бағалы емес заттарды, қалдықтарды, қоқысты өртеу.
5.Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату.
6.Пастеризациялау
Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, құрамында хлоры бар препараттар, формалин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.Химиялық залалсыздандыру суландыру ,сүрту,толық батыру, шашырату әдістемелерімен жүргізіледі.
Дезинфекциялық шараларды жүргiзу үшiн келесi жабдықтар болу керек:
1.гидропульт (чехолмен);
2.эмальденген шелектер немесе 1,5 және 10л деген жазуы бар ыдыстар;
3.дезинфекциялаушы камера
4.дезинфекцияланатын затқа арналған үлкен ыдыс;
5.таза заласызданған ветошь;
6.қолданылған ветошьтар және қолданылған арнайы киiм комплектерiнiң кленкалы қаптары;
7.сортировкасы жасалған дезинфекциялық заттар;
8.арнайы киiм: халаттар, қалпақтар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар;
Дератизация – індет ауруларын тарататын кеміргіштерді (егеуқұйрық, тышқан, саршұнақ және т.б.) жоюға немесе санын азайтуға бағытталған іс-шараларының кешені.Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді.
Дератизациялау бірнеше типтерге бөлінеді:
жаппай дератизациялау – бір мезеттік (бір реттік) дератизациялау, жекелеген елді мекендерде немесе учаскелерде жылына 1-2 рет барлық елді мекеннің аумағында жүзеге асырылады. Бұл объектілерді кеміргіштерден толығымен босатуға немесе кеміргіштер одан әрі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал етпейтін деңгейге дейін олардың санының тұрақты төмендеуіне әкеледі. Жаппай дератизациялау барлық үй-жайларда, ғимараттарда, аумақтарда күрестің әдістері мен құралдарын бір уақытта пайдалануды көздейді.
тосқауылды дератизациялау – белгілі бір аумақтың айналасында қорғау аймақтарын құру үшін кеміргіштердің барынша көп көшіп-қону белсенділігі кезеңінде (көктем, күз) жүргізіледі. Кеміргіштерден осылай өңдеу ғимараттардың айналасында, орман аймағында, турбазалардың, лагерьлердің, жазғы дәмханалардың, саяжай алқаптарының аумақтарында, халықтың жаппай серуен жасау аймақтарында, саябақтарда, скверлер мен бақтарда, қоқыс контейнерлерінде жүзеге асырылады);
2) жойғыш дератизациялау – профилактикалық іс-шаралар нәтиже бермеген кезде жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың тікелей функциясы - кеміргіштерді жою;
3) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулар ошағында және оған іргелес аумақта дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық ауру тіркелген кезде жүргізіледі;
4) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою кезінде жүргізіледі.
Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
Дезинсекция (– ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекция шарасы өндірістік, тұрғын үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, көлікте, қалалық және ауылдық мекен аумақтарында, су қоймаларын, сондай-ақ синантропты буынаяқтылар мен кеміргіштердің табиғи мекендеу орындарын қоса алғанда, оларға іргелес ашық табиғат учаскелерінде жүргізіледі.
Жәндіктерге қарсы күрес үшін дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері қолданылады. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді
жою үшін улы препараттар (ДДТ ,гексахлоран, хлорофос , аграм және т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.
Жәндіктерге және (немесе) буынаяқтыларға қарсы профилактикалық дезинсекциялық өңдеудің үш типі қолданылады:
жаппай – жәндіктердің нысаналы түрлері қоныстанған барлық үй-жайларда және іргелес аумақтарда жүргізіледі;
барьерлік – белгілі бір объектілердің және (немесе) аумақтың айналасында қорғаныш аймақтарын құру.
Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етеді. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.
Дезинфекция, дератизация,дезинсекция жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде осы шараны жүргізуге арнайы ұлықсаты бар мекемелер мен жеке кәсіпкерлер жүргізеді.
Осы шараларды жүргізу кезінде төмендегі жалпы қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс:
1.Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.
2.Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.
Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер арнайы оқу-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
Дезинфекция, дератизация, дезинсекциялық жұмыстарын жүргізетін адамдар жұмыс істеу барысында арнайы киіммен: халат, аяқ киім, респираторлар, резиналық қолғаптар, көзілдіріктер кию қажетжәне жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Дезинфекциялық, дератизациялық,дезинсекциялық шараларға қолданылатын улы препараттар желдетілетін, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталған арнайы үй-жайларда, қоймаларда сақталады.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау
басқармасы басшысы Айтекеева Гүлзада Садықбекқызы
11 желтоқсан 2024 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031