АС ТАПСЫРЫСЫН НЕГЕ ҚАЗАҚША БЕРМЕСКЕ?!
Өзекті тақырып. Ойланатын сауал. Қоғамдық тамақтану орындарға барған кезімізде даяшылардың ұсынған ас мәзіріне көз жүгіртпей-ақ тағам атауларын орысша қабылдап, орысша тапсырыс бере саламыз. Бұл қаншалықты дұрыс? Первый, второй, суп, каша, пельмен, рис, жаркое, котлет, гарнир, сосиска, рыба, бешбармақ, гречка, мороженое, напиток, шашлык кусковой, фарш, лепёшка, чай черный, зелёный, ташкентский, с молоком... тіліміз осылай әбден дағдыға айналып кеткен. Салат туралы тіпті айтудың өзі ерсі. Бір порция, половина, полый, жарты бокал, екі кусок деп мөлшерін де орысша сайрай саламыз. Ботқа, бұқтырылған ет, екі үзім нан, күлше, бұршақ сорпасы деп қазақша тапсырыс бере бастасаң, даяшының көзі жыпылық-жыпылық ететіні бар емес пе?!
Выпечканы – наубай тәттілері, подносты – науа, десертті – жеміс тәттілері десеңіз, тіпті сол жерде-ақ есінен танып қалуы да мүмкін. Бұл әбден бойымызға сіңісті болған әдетіміз. Өйткені бізде тағам атаулының атауы орысша екен деген ұғым әу бастан-ақ қалыптасқан. Көп тағам аты өзге елден енген термин сөздер болғандықтан, бізге орысша атымен атау анағұрлым оңайырақ. Ал қазақша атауы, аударма болған соң ба, тым шұбыртпалы. Соны бір ретке келтіріп, бір-екі сөзбен ғана атауға аса мән бере бермейміз. Мәселен, «Сандық» ресторанындағы қазақша тағам атаулары «Хош иісті шөптер мен күріш қосылған жөргем», «Грильде дайындалған көкөністер мен демиглас тұздығы қосылған сиыр етінен жасалынған бұқпа», «Жылқының жеңсік еті мен жас картоптан дайындалатын бал қуырдақ», «Нәзік кускус қосылған қымызда маринадталған қой қабырғалары» болып келеді.

Шетелде қалай? Ол жақта туристр тартқысы келетін оларда тұтынушының сұранысына қарай қызмет етеді. Ал біз де тамақтану орнының қожайының талғамына қарап әрекет етеді. Заман өзгерген сайын, қазақ тағамдарының атауы ұмытылып кете ме деп үрейленесің. Сіз мысалы қазір борша, Зімбір, таңқурай шайы, жаубүйрек, бөртпе, қимай, ми палау, үлпершек, шұжық, балқаймақ, кілегей, қатық, қаусырма, жасымық деп айтасыз ба? Әрине, жоқ. Ендеше, неге осыны қолға алмасқа?! Әр тағамды қазақша атап, тапсырысты өз тілімізде берсек, ол бірте-бірте тілімізге сіңісті болып, тамақ ішуге келген әр тұтынушы тіл шұрайымыздан хабардар болып отырар еді. Олай болса, ерте кезден бастап, мәзірімізді қолымызға алып, асқа тапсырысты қазақша бере бастайықшы!
Айнұр ИБРАШ