«Привет» деп саулық сұраймыз...
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тіл дегеніміз – қай халықтың болсын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры» деген тағылымы ойға оралады. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Ал, ұлттың болашағы – оның ана тілі. Әр ұлттың тілі – сол ұлттың бақыты мен тірегі. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін!» деп қадап айтса да, орыс тілінде қарым-қатынас жасау үрдісі тыйылмай келеді. Қазіргі жастар бір-бірімен «привет» деп саулық сұрасып жүр.
Бірақ, өз кінәмізді білмейміз. Көбінесе, адам көп жиналатын орталық базар мен арнайы саябақтар немесе қоғамдық орындарда адамдардың сөзіне құлақ түре қалсаңыз, көпшілігі қазақшаға орыс сөздерін араластырып сөйлейді. Әсіресе, жастардың көпшілігі ана тілін біле тұра, өзара орысша сөйлеседі, тіпті соны мәртебе көретіндей. Осы кезде қырық жыл қырғында қайыспаған қазақтың намысы мен жігері қайда кеткен деп ойлайсың. Кейде анау маған қазақша сөйлемеді, мынау маған орысша сөйледі деп шыр-пыр боламыз. Осы әрекеті арқылы әр қазақтың қазақ тілінің дамуына кедергі жасайтынын түсінбейтіні көңілге қынжылыс ұялатады.

Сәлем – сөздің анасы. Дейтұрғанмен, жастардың дені амандасудың өзін ана тілінде айтпайды. Мысалы кейбір ағаларымызға «Ассалаумағалейкім» деп амандассаң, «Как дела?», «Привет!» деуді «дәстүрге» енгізіп алған. Алдыңғы буын ағаларымыз осылай болғаннан кейін жастар қандай болмақ? Бәріміз қазақпыз, сондықтан жүрегіміз қазақ деп соғуы керек. Ойланып қарасақ, «Ассалаумағалейкүм!», «Сәлеметсіз бе?», «Сәлем!» деп амандасса, сыпайылықты, инабаттылықты білдірмей ме?!
Жастардың астарлы ой айтуы былай тұрсын, аузындағы сөзінің мән-мағынасының өзі шала-шарпы. «Ассалаумағалейкүмді» «Привет», «Каксың» деп туған тілімізді шұбарлап, қазақша-орысша араластырып сөйлейтін жастарымызға сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың бірден-бір жолы – көркем әдебиетті оқу емес пе?. Сол арқылы тіл байлығын дамытып, шешен сөйлеуге үйренер едік. Қазақ тілін жетік білуге тәрбиелейтін бірден бір құрал ақын-жазушылардың шығармалары екені сөзсіз.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ана тілімізді құрметтеп, өзге сөзбен араластырып, тілімізді шұбарламай түзу сөйлеп, ойымызды дәл жеткізіп, тіліміздің дамуына үлес қосайық.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ