Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АТТЫ АЛҒАШ ҚОЛҒА ҮЙРЕТКЕН ЖЕР – «НИКОЛЬСК ҚОНЫСЫ»

АТТЫ АЛҒАШ ҚОЛҒА ҮЙРЕТКЕН ЖЕР – «НИКОЛЬСК ҚОНЫСЫ»

Иә, Виктор Зайберт болмағанда, жер жаһанда тұңғыш тарпаңды тақымдаған жұрттың атын осылай орысша атап жүрер ек. Осы кісінің арқасында ғой, БОТАЙ деген термин тарихқа енгені.
Мәселе былай болған: 1981 жылы, Солтүстік Қазақстандағы Никольск селосы маңынан өте көп сүйек табылады. Тым көп. Археолог Виктор Зайберт зерттей келе, бұл кезекті бір көне қорым емес, жер бетінде ең алғаш атты қолға үйреткен ауыл болғанын пайымдайды. Өйткені, 7 мың жыл бұрынғы құмыралардан қымыз табы, сүйектен жасалған ауыздықтар табылады. Қысқасы, «600 жыл ғұмыр сүрген осы кент, жер бетіндегі ең алғаш жылқыны қолға үйреткен аймақ», деп әлемге жар салады. Дәлелдеп те береді.
Бірақ, бір қызығы Виктор бұл көне тұрақты «Никольск қонысы» деп емес, «Ботай тұрағы» деп атайды. СССР-дің ғалымдары, орыстың мықты зерттеушілері бірден қарсы шығады. Дау-дамай туады. Археология заңы бойынша, қоныс-жәдігер қай ауылдың маңынан табылды, сол кенттің атымен аталуы керек. «Ботай деген бәлені қайдан шығардың», дейді ғой. Рас, жақын төңіректе ­Ботай деген ауыл жоқ еді. Бірақ, ғалым Виктор, бұл аумақ кезінде Ботай руының жайлауы болғанын алға тартады. «Никольск» деген атау әлемнің бар тіліне ыңғайлы еместігін, тартымды еместігін дәлелдейді. Ал Ботай атауы әуезді, тез жатталарын айтып, көндіреді ғой.

Әлеуметтік желіден
27 маусым 2022 ж. 5 200 0