Ескі ғимаратты жаңғыртса игі іс болар еді
Қазақта «Ескіні жинасаң есің кетер» деген нақыл бар. Расында, жаңашылдыққа, жаһандануға бейімделуіміз керек-ақ. Шиелі кенті де күн санап жаңарып, көркі артып келеді. Жаңадан салынған мектептер, емханалар мен сауда орталықтары, тойханалар мен орталық алаң Шмелінің шырайына көрік беріп тұрғаны сөзсіз.
«Көрген көзде жазық жоқ» дегендей, кенттің осындай сұлу келбетін орталықта орналасқан бұрынғы тұтынушылар одағының кеңсесі, қазіргі «Шиелі кооператор» аталатын ғимарат бұзып тұрған сыңайлы. Ескі ғимараттың еңсесі түсіп, өңі де қашқан. Арнайы ішіне де кіріп көрдім. Кіре берісінен бастап ескі заттар еңсені басты. Көптен жөндеу көрмегендіктен еденге төселген тақтай да тозған. Қабырғалары құлазып, терезелері қаңырап тұр. Ішінде бірнеше кабинет бар екен. Бірінде «Халық» партиясы аудандық филиалының басшысы, екінші бір кабинетте осы ғимараттың иесі отыр.

Шиелі кентінің ішінде әбден ескірген ғимараттардың бірі сүруге, бірі күрделі жөндеуге өтіп, ахуалымыз жақсарып қалған еді. Алайда дәл орталық маңда орналасқан бұл ғимараттың егесін тауып, қайта жаңалауға көңіл бөлмесек болмас. Өйткені киелі Шиеліге табан тіреп, алыстан ат терлетіп келетін құрметті қонақтар өте көп. Өркенді өңірдің өрелі істерін көре жүріп, сұрықсыз ғимаратқа көзі түссе сөзіміз бен ісіміз қабыспай қамығып қалмаймыз ба? Орталық маңнан орнына жаңа нысан салуға не кедергі?
Халық игілі үшін жаңадан 2-3 қабатты ғимарат салынса, жасы келіп қартайып тұрған нысанда отырған «аудандық статистика бөлімі», «Білім бөлімі» сынды мекемелерді көшірсек біздің де мерейіміз тасып қалмас па еді?
Қорыта айтқанда, өкілетті органдар тез арада ардагерлердің осы үніне құлақ түріп, ескі нысанның егесімен мәмілеге келіп, жаңа, келбетті, үлкен ғимарат салуына ықпал жасайтын уақыт жеткен сыңайлы.
Ә.Сейітов,
Шиелісушар өндірістік учаскесінің
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Шиелісушар өндірістік учаскесінің
ардагерлер кеңесінің төрағасы