Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАН АУЫЛ

ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАН АУЫЛ

Екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ыбырай Жақаевтың есімі жұртшылыққа етене таныс. Кезінде Ы.Жақаев егін егіп, рекорд жсаған, өніп-өскен ауылы қазір өзінің атымен аталады.
Бұғанасы бекімеген жас бала Ыбырай әкесі екеуі байдың малын бағып «отымен кіріп, күлімен шығып» жүргенде тапқаны тамағына жетпейтін. Сол балаң кездің өзіндеақ оның жүрегінің терең түкпірінде диқан болсам, аштық азабынан адамдарды арашаласам деген ой ұшқыны маздап жататын.
Сонау 1929 жылы Ы.Жақаев туып-өскен Қарғалы ауылында он кедей жиналып, серіктестік құрды. Оның бір мүшесі Ыбырай Жақаевтың өзі еді. Кейіннен атағы алысқа жайылған Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызылту» колхозының іргетасы, түп қазығы осы болатын.
Қызылорда облыстық ұйымдастыру комитеті президиумының шешімімен 1928 жылы 8 тамызда құрылған Шиелі ауданының құрамына Иіркөл ауылдық кеңесі кірді. Ауылдық кеңестің орталығы «Қызылту» ұжымшары (қазіргі Ы.Жақаев ауылы) болып белгіленді. Ұжымшардың алғашқы төрағасы Сыздық Боқаев, оның орынбасары Сейдахмет Байсариев болды. Ұжымға мүше болып Қарғалы бойындағы 30 үй, №19 және №25 ауылдардың әрқайсынан 30 шақты үйден қосылып, барлығы 107 үй болып артель құрылды. Ал 1997 жылдан екі мәрте Социалистік еңбек ері Ы.Жақаевтың есімімен аталады.
Талай дарынды азаматтарға атамекен атанып, олардың тәуелсіз еліміздің ардақтысы болуына қолдау көрсеткен, бірлігі мен берекесі артқан Иіркөл ауылдық округінде қазір Жансейіт және Ы.Жақаев деген екі елді мекен бар. Иіркөлдік ағайынның негізі кәсібі – мал және егін шаруашылығы. Ауылдық округте 130 шаруа қожалығы және 1 кооператив бар. Оның 35-і егін, 95-і мал шаруашылығымен айналысады.
Ауылда Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі бар. Музейдің бірінші залында – ХІХ ғасырдың аяғында Сыр ¬бойында тұрақты күріш өсіру Шиелі өңірінде басталып, кейіннен Шіркейлі, Қуаңдария бойында тарағанын, күріш манаптарын дайындау, суғару, орып, жинаудан бастап, қапқа түскенге дейінгі еңбекті баяндап тұрған экспонаттар орын алыпты. Ал екінші залда Ы.Жақаевтың қоғам қайраткері, халық қалаулысы болғаны және шетелдерге сапары, өмірінің соңына дейінгі еңбек жолдары, 1964 жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде «Жақаевшылар» қозғалысының басталу кезеңдері экспозицияланған. Үшінші залда даңғайыр диқанның облыс көлеміндегі ізбасарлары мен еңбек майталмандарының жетістіктері, Жақаевшы жастардың екпінді еңбегі көрсетілген.
Диқан ғұмыр бойына дән сеуіп, оның күтімін жасаған, жаһандық рекорд жаңарған жерді кейіннен жұрт «Ыбырай түбегі» деп атап кеткен.

Анар ҚАЛЕКЕЕВА
30 қыркүйек 2024 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930