Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев Зияткерлік мектебінен 132 оқушы түлеп ұшты

Назарбаев Зияткерлік мектебінен 132 оқушы түлеп ұшты



Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау соғылды. Білім ошағынан биыл 132 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша мектеп ауласында мерекелік концертпен басталды.
Алдымен мектеп директор Бахыт Әмірханұлы жиынды ашып, құттықтау сөз сөйледі. Мектептің осы кезге дейінгі жеткен жетістіктеріне тоқталып, жыл көлемінде атқарылған ауқымды шараларды атап өтті.
Сонымен қатар мектептегі қарқынды жүзеге асып жатқан TEDx, REDx, «Қазақтың 100 әні», «100 күй», «Wikipedia» сияқты тың жобаларға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен бірқатар оқушылар мен «шаңырақ» қауымдастықтары мектеп басшысының алғыс хатына ие болды.
Мектептің өнерпаз оқушылары концерт көркін қыздырып, әннен, жырдан шашу шашты. Түлектердің ата-аналары да бүгін ерекше тебіреніс үстінде. Оларда барлық ұстаздар қауымына, мектеп қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.



Т
28 мамыр 2018 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031