Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде 150 мыңға жуық түлек мектебімен қимай қоштасты

Биыл елімізде 150 мыңға жуық түлек мектебімен қимай қоштасты

25 мамыр елдің барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл елімізде 147 мыңға жуық оқушы түлеп ұшпақ. Оларды бар аймақта жергілікті билік өкілдері мен танымал тұлғалар құттықтап, шығарып салып жатыр, деп хабарлады КТК.




Кеше ғана алай-түлей дауыл тұрып, қарға ұласып жауған жаңбырдың бүгін ізі де жоқ. Ауа-райының өзі оқушыларға ақ жол тілеп тұрғандай. 25 мамыр оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де ерекше тебіреніске толы ерекше күн. 11 жылғы қажырлы еңбегін атап өтпеуге болмас. Еңбектің өтемі әрине, ҰБТ дан кейін белгілі болады. Десе де, соғылған соңғы қоңырау үні жас түлектердің жаңа өмірге қадам басқанын білдіргендей.
Дәл осы күміс қоңырау сыңғыры ел бойынша 147 мың оқушы үшін соңғы рет соғылды. Мәселен, Алматының өз басында 9000 астам түлек ресми түрде мектеппен қош айтысып, ересек өмірге қадам басты. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан олардың өздерінің ұядан ұшып бара жатқандарын бірі сезініп, бірі әлі сезіне алмай тұр
«Әрине, қуанып тұрмыз. Қалай айтса болады, қоштасқың келмейді бәрібір мектеппен. 11 жыл бойы біздің еркелігімізді көтеріп, ақылын аямаған ұстаздарымызға үлкен алғыс айтамыз»,- деді жас түлек Ерасыл Бердібек.
Мектеп түлектерін ерекше күнмен құттықтау үшін, Бауыржан Байбек те барлық ресми кездесулерін кейінге қалдырып Алматыдағы нөмірі 148 мектепке арнайы келді. Ол тегін емес. Өйткені, дәл осы оқу ордасы былтырғы көрсеткіш бойынша ҰБТ да ең жоғарғы нәтижеге ие болған.
«Мемлекет тарапынан, қала тарапынан сіздер үшін, жақсы білім алу үшін бар жағдай жасалған деп мен ойлаймын. Бірақ, мектеп деген ол жақсы ғимарат. Бірақ, ең басты құндылық білімнің сапасы әрине ұстаздарға байланысты»,- деп сөз сөйледі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Елдің қай түкпірінде болмасын бүгін думан, бүгін той. Дей тұрғанмен түлектерге арқаны кеңге салуға әлі ерте. Нағыз сынақ олар үшін әлі алда. Бүгін мерекені тойлағанмен, ертеңнен бастап дайындықтарына қайта кіріседі.
Stan.kz
27 мамыр 2018 ж. 1 164 0