Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоржында қос жүлде

Қоржында қос жүлде

Кеше Жиделіарық ауылдық клубында «Идеялар аукционы» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлері арасында облыстық байқау өтті.
Байқауда Қызылорда қаласына және аудандарға қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарынан 7 үміткер өзара бақ сынасты. Аталған байқауды Жиделіарық ауылдық округінің әкімі Е.Әбілдашев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үш кезеңнен тұрған байқаудың нәтижесінде Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық клубының әдіскері Рита Есерова мен Сырдария ауданы Сәкен Сейфуллин ауылдық клубының әдіскері Аруна Ізімбеттер ІІІ орынға, Қызылорда қаласы Қараөзек ауылдық клубының әдіскері Гүлсана Төреханова ІІ орынға, Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылдық клубының әдіскері Руслан Шадаев І орынға, Шиелі ауданы Алғабас ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Айнұр Ысқақова Бас жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар Жаңақорған ауданында өткен «Ұлы дала жаршысы» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауында Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығының «Сыр маржаны» мәдени-үгіт бригадасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аудан өнерпаздарын қоржынға түскен қос жүлдемен құттықтаймыз!

«Өскен өңір» ақпарат
24 қыркүйек 2024 ж. 77 0