Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Күн тәртібіндегі басты мәселе – халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту. Яғни, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету. Көп жағдайда кейбір кәсіпорындар өздеріне лайық мамандарды таппай, кадр тапшылығын сезінеді. Ал, дәл сол уақытта қолынан іс келетін жандар екі қолға бір күрек боларлық жұмыс таппай, сергелдеңге түсіп жүруі мүмкін. Сондықтан да, жұмыс беруші мен іздеушінің жүздесуіне қолайлы алаң – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып отыр.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шиелі ауданының Мансап орталығы» филиалының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шиелі кентінде орналасқан, «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ ғимаратында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасында тікелей байланыс орнату арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу болып табылады. Жәрмеңкеге уран өндірісі саласындағы ірі кәсіпорындары мен аудандағы жұмыс беруші мекемелердің қатысуымен 73 бос жұмыс орыны ұсынылды. Жұмыс табуға ниетті азаматтардың бірқатары еңбекке енді араласатын жас мамандар болса, енді бірі өздеріне ыңғайлы жұмыс орнын табуды көздейді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша жұмыс беруші мекемелер мен азаматтар арасындағы әңгімелесу (собеседование) өткізіліп, жұмыс іздеуші 10 азаматқа, сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының үшінші бағыты аясында жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 5 азаматқа жолдама берілді.
Іс-шарада оқу орындарының түлектеріне, жастарға және жалпы аудан тұрғындарына «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бойынша кеңінен ақпарат берілді. Айта кетейік, мұндай шаралар жұмыс берушіге де, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға да үлкен мүмкіндік береді. Мәселен жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін бірнеше жұмыс берушіге ұсынып, жұмыс берушілер де жәрмеңке арқылы өздеріне қажетті мамандарды тез таба алады.

М.Қайратұлы
24 қыркүйек 2024 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930