Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының халқына АЭС құрылысының маңызы түсіндірілді

Қызылорда облысының халқына АЭС құрылысының маңызы түсіндірілді

Кеше АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері М.Жайымбетов, Ж.Нұрымбетов, Н.Амитов, Ж.Ысқақ, С.Өмірзақов, П.Сыздық референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жаңақорған ауданында болды.


Жаңақорған ауданы Сыр елінің даму көшін жандандырып тұрған өңір. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, мемлекет қолдауы арқасында жас кәсіпкерлер қатары артқан. Бұл дегеніңіз, нарықтық экономикаға жаңа леп келді дегенді білдіреді. Отандық өнім сапасы артып, тұтынушылар қатары да көбейуде.

Осы орайда халықтық штаб мүшелері аудан кәсіпкерлермен кездесіп, жасыл энергияның ел экономикасына оның ішінде халық әлеуетіне және қоршаған ортаға тигезер оң әсері жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.

«Өңірлердегі шарушылықтарды дамыту үшін энергия қуаты аса қажет. Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді. Мұндай мәселеде терең пайым мен парасаттылық керек. Әрине, ел болашағы үшін жасалатын жұмыс уақыт өте келе өз жемісін беретін болады», – деп атап өтті республикалық халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов.

Мұнан соң штаб өкілдері «QamqorIyq» оңалту орталығында денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті. Онда халық денсаулығы сақшысына айналған мамандарға Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттер мен АЭС-тің маңыздылығын атап өтті.
Сала мамандары АЭС құрылысы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналып, қайбір сала үшін оң мультипликативті әсер беретіндігіне тоқталды.

«Жаңақорған Транзит» ЖШС ұжымымен кездесуде спикерлер Мемлекет басшысының атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы шешуді тапсыруы, халық мүддесі қашанда жоғары екендігінің көрінісі екенін атап өтті.

АЭС салу мәселесі жастарды да бей-жәй қалдырмады. Аудан жастарымен болған кездесуде олар бұл қадам – кәсіби даму мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге мол әсер беретіндігін әңгімеге арқау етті.

Осы күні халықтық штаб мүшелері «Қыраш» ауылдық округіндегі «Qaratau fruts» шаруа қожалығы ұжымымен де кездесті. Кездесуде жасыл энергия көзі жайлы кеңінен ақпарат берілді.

Жалпы, Халықтық штабтың барлық кездесулерінде аудан тұрғындарына АЭС жөнінде кеңінен ақпарат беріп, сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Шиелі ауданы жұртышылығымен де кездесті.

21 қыркүйек 2024 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930