Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » С.Сейфуллин шығармаларының ұлттық құндылығы

С.Сейфуллин шығармаларының ұлттық құндылығы

Сәкен Сейфуллин – жаңа дәуірді ерекше жырлаған жаңашыл ақын. Қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен теңеулер, сөз оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдеби дәстүрдің негізін салушы болды.
Өкіметтің мақтаушы ұраншысына айналмай, қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле суреттеді. «Ауыл байғұс, мінеки», «Келіншек ойы», «Ақсақ киік», «Сыр сандық» т.б. тамаша жырлары мен «Аққудың айырылуы» атты символикалық көркем поэмасы – сол кезеңнің шынайы көркем туындылары. Сәкеннің балаларға арналған өз кезіндегі өлеңдері баланың көз алдына болашақтың жарқын бейнесін, еркін өмір сәулесін елестетті. «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап», «Пионерлер», «Біз комсомол», «Совпарттағы қарындасыма» өлеңдері осы тұрғыда жазылған. Алға қойған ізгі мақсаттар мен арманға жетуді көздеу керектігін жас жеткіншектердің есіне салып отырды.
Жас ұрпаққа өнер-білімнің пайдалы жақтарын айтты. Аталған өлеңдері «болашақ тұтқасы – жас ұрпақ» деген ойды білдірді. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларының қай-қайсысы да жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім қауымға өмір шындығын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулығымен сусындатады. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар. С.Сейфуллиннің өлеңдері жөргектегі балаға жылы сөздің мейлінше қажет екендігін құптайды, балаларға арналған халық өлеңіндегі ойды дәлелдей түседі. Төңкеріс кезіндегі және кеңес өкіметі енді орнаған тұстағы оқиғаларды «Маузер», «Бандыны қуған Хамит» шығармалары балалар тәрбиесіне оң әсерін тигізді. Өлең де Отаны, елі, өз халқының азаттығы үшін қан майданда ауыр жараланған азамат өзінің ақтық сөзін анасына, жас жарына, баласына, майдандас достарына арнайды. Оның Отанға деген сүйіспеншілігі, қайсарлығы, жауға қаталдығы суреттеледі. Жас ұрпақтың алдына үлкен мақсат қояды, оларға сенім мен жауапкершілікті үйретеді
С.Сейфуллиннің шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні зор.Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар.Қазақ әдебиетінің алуан жанрында қалтықсыз қызмет еткен С.Сейфулин жас буынның қадірлі аға-ұстазына айналды. Ұлтымыздың өшпес алауы, сөнбес шырағындай болған Сәкен Сәдуақасұлы Сейфуллиннiң ғұмырнамалық дастаны – тарихтың таңбалы тастарында күмбірлеп тұрары сөзсіз. Біз болашақ ұрпақ әдебиетімізді, мәдениетімізді қазақ әдебиетінен Ұлы тұлғалардың шығарамаларын оқй отырып ондағы кейіпкерлердің өмірінен тәлім тәрбие, ұстамдылық ,төзімділік, отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіре отырып болашаққа ұмтыламыз.

№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ-нің
8 сынып оқушысы Мәлібекова Нұрсамал
Жетекшісі: Әбдраманова Балдырған






19 қыркүйек 2024 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930