ӘЖЕМ ИІРГЕН ҰРШЫҚ
Әр дәуірдің өзіне лайық батырлары, ақындары, ерекше тұлғалары оза шауып дараланып өр кеуделі, қайсар айтары бар, жанына жаман жақсы демей жұртын жия білетін тектілігі таудай азаматтармен қатар елдің жүгін бірлесе арқалаған қыздарымыздың да өзіндік орны бар. Жалпы аудан көлемінде 22 ауылдық округтерде ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі қандай бір жағымды жаңалықтармен маңызды іс-шаралардың әсіресе ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарымен өнерімен насихаттаудағы еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай.
Әр қадамның нәтижелі жолы білімді, білікті іскер басшыға тәуелді екені сөзсіз. Ауданда 8 мыңнан астам ардагер болса соларға бағытбағдар бере топтастыруда жетекшілік етіп жүрген ардагерлер кеңесінің төрағасы сегіз қырлы бір сырлы сан саланы меңгерген, байыпты салмағы бар Өркен Исмайловтың жөні бөлек. Бүкіл саналы ғұмырында халықпен қоян қолтық араласып қай жерде қызмет жасаса да жан тазалығы, іскерлігі, қазақтың қызына, анасына тән көркем мінезімен танылған Нәйлә Әбілқасымқызының ел үшін жасап жүрген еңбегі ешқашан көлеңкеде қалған емес. Аналар қауымының қамқоршысы, салиқалы ойы, ұтқыр ұйымдастырудағы шеберлігі әрбір жанның жүрегіне жол таба білуі, ерекше табиғаты арқылы аудан халқына белгілі. Ол өзін ғана емес соңынан ұшқыр ойлы, қабілетті, елгезек,бойында ерік жігері бар қыздарды елге қызмет етуге баулудағы жанашырлығы өз алдына. Әрбір елді мекендегі өзекті шаралар оның ішінде аналарға деген құрметтің түр түрінің өтілуі, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдарымен бірлесе отырып жасаудағы басшылығы көптің көңілінен шығып отырады. Халқымыздың ежелден келе жатқан әдетғұрып салт-дәстүрінің бой көтеруіне қоғамдық ұйымдардың ықпалы өз нәтижесін беріп келеді. Өнерге деген құрмет ел мәдениетінің мәртебесін арттыру мақсатында атқарылған шығармашылық еңбектің бір парасы. Жуырда әлемге әйгілі Ыбырай Жақаев атамыздың ауылында шырқалған ән, тартылған күй, дөңгеленген би көк аспанда самғай ұшқан құстармен жарыса түскендей күйге бөленген. Қарасаң көз тоймайтын айналасы көкорай шалғын әсем гүлдерге оранған, айнадай тап-таза ішке енгендегі керемет дүниелердің орын таба орналасқанын көріп таң тамаша болдық. Қазақтың ақ жаулықты аналарының, ұлағатты әжелері мен сымбатты сұлу келіндердің әсемдігін айшықтайтын көріністі көргенде ертегі әлемінде жүргендейсің. Ақ көйлек, ақ кимешек қара қамзол киіп жүздері балбұл жайнаған қолдарына ұршығын ұстап келген аналар, ел ағалары, жастар, ауылдастар, әйелдер кеңесінің төрайымдары. Ел іші өнер кеніші ауылдағы «Асыл әже» ансамблінің құрамында таңдайына өлең ұясын салған әншілердің әнін есту эстрада жұлдыздарынан кем болмады. Ансамбльдің орындауында «Жақаевшылар маршы», «Айналдым едім», «Сыр сұлуы» хоры, жеке орындауда Назира Дарқанованың «Жылдар өтседе», Тұрғанкүл Әбенованың «Ләйлім шырақ», Ғалия Жаманқараеваның «Жолыққан қандай жақсы», Ғалия Дүрманованың «Қызыл гүлімай» әндері сол жердегі бүкіл көрермендердің жаппай биіне ұласты. Бұл шара ұлтымыздың қолөнеріне арнап көп жылдар осы ауданның өсіп өркендеуіне бір азаматтар атсалысқан халықтың көзайымына айналған мәдениет саласының үздігі төс белгісінің иегері Ыбырай Жақаев атындағы музейдің меңгерушісі Құттықыз Шайыққызы Ықанованың ұйымдастыруымен өткізген «Әжем иірген ұршық» атты ауқымды шара еді. Мұндай күрделі шараларды ұйымдастыру тақырыпқа сай таңдау жасау, өткізу оңай шаруа емес. Тынымсыз, ізденіс уақытпен санаспау, еселі еңбекпен келетін абырой әрқашан мерейлі үстем биік беделге ие етеді. Бұл ауданымызда өтіп жатқан жүздеген шаралардың бір ғана көрінісі еді. Ата-анаға, аға-іні, бауырлардың халқымыздың амандығын қиядан тілеген ақыл-парасатты бойына тұмар еткен төрден алған орындары бақбереке әкелер, Жол біреу бұралаңы көп өмірде төзімділік көрсеткен осындай қыздарымыз, ұядан тілек тілеген ұлдарымыз аман болсын. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау атабаба дәстүрін, өнерін өскіндеріміздің санасына ендіру арқылы сақтау тарих бетінде мәңгілік өмір сүретін асыл мұра екенін естен шығармағанымыз мақұл.
Айжамал ӘБДІХАМИТҚЫЗЫ