Жемқорлық – қоғам дерті
Жемқорлықпен күрестің жаңа кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы болашақта қоғамнын бұл дертін түбегейлі жою. Мемлекетіміздің дамуы, өркендеуі әрбір азаматты толғандыратын рухани патриоттық сезім.
Жемқорлықпен күресу үшін әр мемлекеттік қызметкер өй-өрісін кеңейту, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Ең алдымен жауапкершілікті күшейтіп, жемқорлықтың алдын-алу қажеттілігін туғызу. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ дерт және көптің белсенділігін қажет етеді. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұд індет саяси даму жолындағы барлық елдердің оң жетістіктеріне өз кедергісін тигізуде. Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдаған тұңғыш мемлекет.
Мемлекет басшысы «Мемлекет және қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет. Сыбайлас жемқорлық жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекетке деген сенімділікті жоғалтады және ұлттық қауіпсіздікке де тікелей қауіп тудырады» деген болатын.
Сыбайлас жемқорлық Тәуелсіздігімізге қатер тудыратыны, мемелекеттік биліктің тиімділігін жоғалтып, қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзатыны, еліміздің экономикалық- әлеуметтік және рухани дамуына кедергі келтіретіні анық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республиксы азаматтарының борышы.
И.Әшімов,
ҚР АШМ АӨК МИК-нің Шиелі аудандық
аумақтық инспекция басшысы