Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам дертімен күрес – ортақ міндет

Қоғам дертімен күрес – ортақ міндет

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ | DIDARBEK.kzЖемқорлық – мемлекет пен қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоя­тын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.
Бұл дерттің жаппай жойыл­мау жолын халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, халыққа жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірінен саналады. Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Патриотизм, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп біліп, жемқорлыққа жол бермейік!

Бағдат ДӘУРЕНБЕКОВ,
аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
12 мамыр 2021 ж. 648 0