Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа райы ашық және жылы болады, тек солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстікте температура +30°C-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 02 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі, Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі облыстың оңтүстігінде сақталады, солтүстігінде, орталығында күтіледі.

Астана

Астана қ.: 02 тамызда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 02 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 02 тамызда күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 02 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысында солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстгінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 02 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 02 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 02 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 02 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 02 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 02 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Фото: Istockphoto
02 тамыз 2024 ж. 209 0