Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер ертең, 7 маусымда Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.


Сурет: pixabay

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 
Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 
Қарағанды облысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз кей уақытта найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 
Атырау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 08 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 
Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15- 20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 
07 маусым 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930