АУДАНДЫҚ СОТ СӨЙЛЕЙДІ
Аудан бойынша есепті мерзімде өткен жылдан 62 азаматтық іс, 11 арыз бен талап қою қалдырылып, барлығы 858 арыз, 17 азаматтық іс түскен. Оның ішінде 70 арыз кері қайтарылып, 8 арыз қабылдаудан бас тартылған және 641 арыз бен талап қою бойынша азаматтық іс қозғалған. Бұл ақпарат Шиелі аудандық сотының 2024 жылдың I жартыжылдық есебінде баяндалды.
– Салыстырмалы түрде 2023 жылдың 6 айында 2022 жылдан 54 іс 1 арыз қалдырылып, барлығы 710 арыз, 16 азаматтық іс түсіп, оның ішінде 175 арыз кері қайтарылған, 2 арыз қабылдаудан бас тартылған, 400 талап қою бойынша азаматтық іс қозғалған.
Сол мерзімде, яғни 2023 жылдың 6 айында барлығы 511 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 217 іс бойынша шешім қабылданып, 113 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған, 69 іс бойынша талап қою қараусыз қалдырылған, 106 іс тоқтатылса, 6 іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданған, 5 іс біріктірілген, келесі айға 72 іс, 21 арыз қалдық қалған, – дейді сала мамандары.
"Өскен өңір" ақпарат