Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХҚА ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

ТАРИХҚА ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Бейсенбіде аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің гуманитарлық-педогогикалық институты директоры Сағат Таймановтың қатысуымен «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» атты танымдық іс-шара өтті. Жиында бой көрсеткен «Жасыл ел» жасағының жастары мен колледж студенттері ұлағатты тұлғадан тәлім алып, жылы жүздесудің куәсі болды.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР Жоғары Кеңесі жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға қатысты әділеттікті қалпына келтіру, қуғын-сүргіннің барлық құрбандарын ақтау, оларға тигізген моральдық және материалдық залалды қазіргі уақытта барынша мүмкін болатын өтеуді қамтамасыз ету мақсатында 1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылдаған болатын.
Осыған сәйкес «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шаралары 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Аталған жоба жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға бағытталған.
Айта кетейік, жастармен өткен жүздесу «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жиын барысында Сағат Тайман қазақтың сан ғасырлық тарихындағы теперішті жылдар, кезеңінде халыққа нәубет әкелген оқиғалар жөнінде баяндады. Ұлттық сананы қалыптастыруда қаһармандық танытқан Алаш қайраткерлері турасында сөз қозғады.
Кездесу соңы жастар пікірімен, кері байланыспен тәмамдалды. Бірнеше уақытқа созылған шарапаты мол шараның расында берері мол болды.

Таслима ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ
22 шілде 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031