Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым

Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым


31-мамыр ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Иә, көктемнің соңғы күні Қазақстандықтар үшін айрықша мағынаға ие. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары, ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.
Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті. Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді. Ашаршылықтың алдындағы тіркелу, ұйымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды.
Осындай ұлт үшін жанын қиған абзал азаматтар мен сол уақыттағы ашаршылықтан қырылған жазықсыз жандарды еске алу мақсатында, «Арман» мәдениет үйінде «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты тарихи танымдық рухани еске алу кеші өтті. Оған кентке қарасты мектеп оқушылары қамтылып, шараға арнайы келген кент әкімінің орынбасары Б.Баймағамбетов, тарихшы ұстаз, білім беру ісінің үздігі Ф.Қасқабаева, Жақаев
ауылы мешітінің имамы О.Мысырханұлы қатысты.
Шара ортадағы лед экран арқылы көрсетілген тарихқа толы видеороликтен бастау алды. Мұнан әрі атаулы күн жөнінде тарих тінін қозғаған, келелі ой орамдары тыңдалды. Сондай ақ, мектеп оқушыларының көкейтесті сұрақтары жолданып, әңгіме ауаны мазмұнды айшықталды.
Шара соңында, зұлматты жылдардың құрбандарының рухына құраннан дұға бағышталды.

Дина ӘБІЛАСАН.
05 маусым 2018 ж. 1 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031