«Сыр ұланы» лагері – қызықты демалыс мекені
Жаз мезгілі келісімен балалардың демалысын ұйымдастырып, түрлі сауықтыру ұйымдары өз жұмысын бастайды. Алайда аталған ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болғанда ғана балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы және демалуы тиімді болады. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге әрбір баланың денсаулығына және балалардың жазғы демалысының күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруда үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Міне, осындай талап, үдеден шығып жүрген Шиелі кентіндегі «Сыр ұланы» лагері 1 маусымнан бастап балаларға қызықты жазғы демалыс сыйлауда. Лагерде 700 бала демалдыру жоспарланған, қазіргі таңда 3 кезеңде 280 бала қамтылды. «Сыр ұланы» тынығу лагері жұмысы аудан әкімі орынбасарының, аудандық білім бөлімінің мамандарының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Лагерь 2000 жылдан бері бейімделген балабақша ғимаратыныңбір бөлігінде орналасып жұмыс істеуде. 100 орынға арналып 4 топ жабдықталған. Аталған тынығу лагерінің ғимаратына маусымдық жұмыс жасауға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы алынған. Лагердің медициналық талаптарға сәйкес жұмыс жасауына арнайы «Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының» мамандары бекітіліп, іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарылуда. «Балаларды сауықтыру ұйымдарында оладың демалысын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру туралы» бірлескен бұйрығы бойынша 5 рет семинар өтті. Семинарға 83 мектепішілік лагерлер қызметкерлері, лагерь аспазшылары мен медицина қызметкерлері қатысты. Өндірістік бақылаудың келісім шартына сәйкес, бактериологиялық зерттеуге 8 тағам үлгісі, 2 ауыз су, 40 шайынды, санитарлық-химиялықзерттеуге құнарлылыққа 9 тағам үлгісі, 2 ауыз су, 2 залалсыздандыру ерітіндісі зертханалық зерттеуге алынды.
«Ас – адамның арқауы» дегендей, дұрыс тамақтану әрі ас дайындаудағы тазалықты сақтау – адам денсаулығының кепілі. Әсіресе, жазғы мезгілде балалардың демалыс орындарында тазалық сақтау міндетті. Ең бастысы балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі назардан тыс қалмауы қажет!
Ш.Нұржанова
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы