МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ

Осы ретте дүйсенбі күні аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан К а р и м о в т ы ң қ а т ы с у ы м е н ж а с мемлекеттік қызметшілердің және ата-аналарының басын қосқан жиын өтті. Басқосуда аппарат басшысы өз қызметін аса жауаптылықпен атқарып, аудан дамуына өз үлесін қосқан мемлекеттік қызметшілердің ата-анасына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. – Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда әділ болулары қажет. Нақтырақ айтсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Мемлекеттік қызметтің сан түрлі сатысынан табысты өтіп келе жатқан өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына да алғысымыз шексіз, – деді Ғ.Болатұлы. Әрине, ата-ана үмітін ақтаған қызметкерлердің ата-аналары басшылық құрамға да алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Қашан да елге адал қызмет етіп, сенімді ақтағандарды әрине, ел жақтайды. Олай болса қызметкерлерге алдағы жұмыстарынының нәтижелі, әрі жемісті болуына тек сәттілік тілейміз!
Айнұр ИБРАШ