Жіті ішек инфекциялары және оның алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әртүрлі бактериялар есебінен орын алатын жіті ішек инфекцияларының аурулар тобы. Олар дәреттің бұзылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеп соғады.
ЖІИ негізгі қоздырғыштары Enterobacteriaceae тобының өкілдері болып табылады, сонымен қатар басқа да микроорганизмдер, соның ішінде вирустық. ЖІИ этиологиясындағы криптоспоридияға үлкен мән береді. Ол асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен сипатталады. Көптеген жағдайларда диарея және ағзаның улануына әкеледі. Кейде патогендік және шартты патогендік қоздырғыштардың бөлінуімен – бактерияның (вирус иеленушілік) ілесуімен ауру ағыны симптомсыз жүреді. ЖІИ вирустық этиологиясында ішектің зақымдануымен қатар жоғары тыныс жолдары: ауыз вирусы инфекцияларында - таңдай, доғашық, тілшік, ал аденовирустық инфекциялары кезінде - трахеобронхит тарапынан өзгерістер байқалады.
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу кездейсоқ және топтық аурулардың тууы кезінде сырқаттанушылық деңгейіне тәуелсіз тұрақты түрде жүргізілетін жалпы санитарлық және медициналық іс-шаралардан тұрады. Алдын алу шаралары кешенінде инфекцияның таралу жолдарын бөгеуге бағытталған санитарлық-гигиеналық шаралар негізгі болып табылады. Ішек инфекцияларының алдын алу ісінде медициналық шаралар жалпы санитарлық шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады, олардың мақсаттылығы мен тиімділігін анықтайды. Науқас адамдар әрқашан медициналық көмекке жүгінбейді; жиі туыстарының, таныстарының кеңесі бойынша үй жағдайында «емделеді». Бұл жағдай науқастарды уақтылы анықтауды қиындатады және инфекцияның таралуына ықпал етеді.
Жіті ішек инфекциялары ауруларының алдын алу үшін бірінші кезекте жеке бастың гигиена ережелерін сақтау қажет, әсіресе ыстық жаз айларында. Құдықтан, бөгеттен, өзендер мен басқа да су қоймаларынан қайнамаған суды ішуге болмайды. Алайда ашық және лас ыдыста сақталған қайнаған судың өзі де лас әрі зақымдану көзі болуы мүмкін.Жеміс-жидектер мен көкөністерді суық су ағынында немесе ыстық сумен мұқият жуу керек. Әсіресе, жылулық өңдеуден өтпейтін (нан, көкөністер, жемістер және т.б.) тағамдарға пайдаланылатын азық-түліктің тазалығын қадағалап отыру өте маңызды. Барлық тез бұзылатын азық-түліктерді, дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек, яғни 8С жоғары емес температурада – суық азық-түлікке түскен микробтардың көбеюін тежейді. Шыбындардың – инфекция таратушы екені баршаға мәлім. Сонда да олар елді мекендерде өте көп, әсіресе ауылдық жерлерде. Алайда осы насекомдармен күрес үлкен шығынды немесе күрделі жұмысты қажет етпейді. Қоқыс жинағыштар, дәретханалар және т.б. қоғамдық орындар қаншалықты лас болса, шыбындардың көбеюіне соншалықты жағдай жасалған деуге болады. Қорытынды өзінен-өзі шығады: тазалықты сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және қалдықтарды уақтылы шығару қажет. Шыбындар үйге кірмеуі үшін терезелерге тор құру және дезинсекциялық құралдарды қолдану керек.
Қарапайым гигиена ережелерін сақтай отырып, жіті ішек инфекцияларымен зақымданудан және аурудан сақтануға болады.
ӨЗДЕРІҢІЗДІ ЖӘНЕ ӨЗ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗДАР!
Болатова Гүлстан Бегайдарқызы,
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы орынбасары
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы орынбасары