ӘДЕПТIЛIК – МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТIҢ МАҢЫЗДЫ СИПАТЫ

Қоғам мемлекеттік қызметшіні өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. «Адам – әдебімен көрікті» демекші, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы қажет.
Бүгінде Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жаңғырту тапсырмасын жүзеге асыру аясында бірнеше заң қабылданып, бірқатар заңға тәуелді актілер дайындалған. Енді мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндағы басты міндеттің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Ол үшін мемлекеттік қызметшіге саналы тұрғыда өзгеріс қажет. Бұл ниет қалаулары мен ұстанымдық қағидаттарын өзгерту талабын тудырады.
Осыған орай,Шиелі ауданында да профилактикалық бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Өз кезегінде мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты болуға талпынуы тиіс.
Халқымыздың тарихында елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, елге қызмет етудің тамаша үлгісіне айналған тұлғалар аз емес. Мәселен, көрнекті Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деп өзінің жеке басынан ұлттық мүддені биік қойып, елдің қамы үшін еңбек етіп, шын мәніндегі мемлекетшіл тұлғаға айналған. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Ар-ұжданға жүгінген қоғамда заңдарға жүгінуге қажеттілік азаяды»деген тағылымдамасына сүйенсек, бұл дегеніміз - заңдарға жүгінуге жеткізбей, әр адамның ар-ұжданы деңгейінде де көптеген сұрақтардың оң шешімінтабуға болатындығынбілдіреді. Яғни, еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне тікелей байланысты болғандықтан, елімізге адал және абыройлы қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз деп білемін!
Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл Ғ. Каримов