Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-Кырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жолдары

Конго-Кырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жолдары

Конго – Қырымдық геморрагиялық қызба   Конго-Қырым   геморрагиялық  қызбасы – бұл маусымдық  ағымыменерекшеленетін  табиғи –ошақтық ауру,  аса қауіпті жұқпалы аурулар  қатарына жататын өте қатерлі ауру. Ауру көктем, жаз, күз айларында кездеседі.
     Конго-Қырым  геморрагиялық   қызбасы  ауруының  тасымалдаушысы  қарапайым кене. Кене шағу қауіптілігі кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды  тарататын  вирустардың  сақталуы. Сол  себепті  аурудың тіркелуі осы кенелердің көктем, жаз мезгілдерінде  шығып, адамдар мен жан-жануарларды  шағу  белсенділігінің  артатын кезеңімен  байланысты. Кенелер адамға  мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады.
      Аурудың жұғу жолдары:
  • кене  шаққанда немесе  кенемен жанаста болғанда
  • ашық қолмен кенені ұстап, езіп –жаншу арқылы
  • науқастың қанымен немесеағза сұйықтығымен  қатынаста болу арқылы
  • ағзасында  ауру қоздырғышы  бар малды сою, бөлшектеу,терісін  алу арқылы  беріледі.
      Басқармада кене шағу фактілері бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген адамдарға күнделікті мониторинг жүргізіледі. 17.05.24ж дейін аудан  бойынша кене шағудан зардап шеккен 62  адам тіркелген (өткен жылдың осы  кезеңінде -  39 ). Барлықадамдар 14 күн ішінде медициналық бақылауға алынды, клиникалық белгілері жоқ, шағымдары жоқ. Медициналық  бақылаудан –53 адам алынды.
   Конго-қырым геморрагиялық қызбасына 1 күдікті жағдай анықталып,зертханалық жолмен нақтыланбады.
 Қазіргі таңда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, ауданда залалсыздандыру жұмыстарының 2-ші  кезеңі жүргізіліп жатыр.  Бұдан  бөлек,  наурыз айынан  бастап  зоопаразитологиялық топпен бірге  кене  жинау шаралары басталған болатын. Тиісінше, бүгінгі күнге дейін  1300 дана кене жиналып, оның  130-не сынама жасалды. Нәтижесінде, 6  кенеден оң нәтиже анықталды. Сондықтан  аудан  тұрғындары далалық аймақтарда, мал қорлары жанында жүргенде барынша сақтық шараларын сақтау қажет. Ал, Конго-қырым геморрагиялық қызбасының ауру белгілері анықталған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінгені дұрыс.
         КҚГҚ алдын алу шаралары үшін төмендегілерді білу қажет:
- ірі қара, ұсақ  малдар мен үй жануарларын және қора –жайларды  кенеге қарсы өңдеу;
-кенені жалаңаш қолмен ұстамау, езіп –жаншымау ;
- табиғатқа  шыққанда  ашықтүсті  жақсы қорғалған  резеңкелі манжетті жеңі  ұзын көйлек , ұзын балақты  шалбар, етік немесе  қонышы ұзынбәтеңке кию, дененің   ашық  жерлерінежәне  киімге  кенегеқарсы арнайы  репеленттерді  жәнежеке қорғану құралдарын қолдану ;
- кене шаққанда немесе  онымен жанаста болғанда , медициналық көмекке жүгініп, 14 күн  медициналық бақылауда  болу ;
       Есте сақтау керек, кенелерден қорғау ережелерін сақтау және медициналық көмекке жүгіну Сізді аурудан қорғайды және өміріңізді сақтайды!
Г.Айтекеева
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  басшысы
17 мамыр 2024 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930