Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қандай ауру?

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қандай ауру?

  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі сол – медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда өлімге әкеліп соғу  ықтималдылығы  жоғары.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы  ол - кенелер. Ауру сәуiр-қазан айлары аралығында жиі тіркеледі. Kенелер басым көпшілігінде далалық жерден ауылшаруашылық малдар арқылы үй ауласына  кіреді. Кенелер үйге гүлшоғымен де, иттiң  жүнiне iлесiп те келуі мүмкін. Олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi емес тiптi  одан да кеш  байқауы  мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері: Аурудың алғашқы белгілері: науқастың дене қызуының  кенеттен 39-40С дейін  көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуімен  басталады. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен, денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызылиектен, асқазаннан, жатырдан қан кету белгілері, инее енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлім жағдайына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу шаралары:
Табиғи ошақтар аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру қажет. Ауылшаруашылық малдарды бағып-күту және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасуды болдырмау мақсатында тұрғындар жеке қорғаныс үшін арнайы киім киюлері қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың  ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резеңке колғап). Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастыңшашбөлігі, дененің артқы жағыт.б.) қасыңыздағы адамдарға айтып, үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын, кенелерді үркітетін сақтануқ ұралдарын (репелленты) қолдануға кеңес  береміз.
Кене шаққан немесе кенемен жанасу болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.
Сонымен қатар аудан тұрғындарына жақын арада күзгі эпидмаусымда жүргізілетін кезекті залалсыздандыру жұмыстарының басталатындығын хабарлай отырып, елдімекен аймағында, үй-ауласында, мал қораларда күл-қоқыс, қи-көң нен тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін   ескертеміз.


ҰЛЖАН ЖҮНІСОВА,
«Көкшоқы АЕ меңгерушісі» 
25 сәуір 2024 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930