Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЖЫРАСУ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 75 АРЫЗ КЕЛІП ТҮСКЕН

АЖЫРАСУ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 75 АРЫЗ КЕЛІП ТҮСКЕН

«Отбасы» ұғымын адамзаттың алтын діңгегіне баласақ, артық айтқан болмас едік. Себебі оның ұрпаққа ықпалын ешбір күшпен салыстыруға келмес. Мейірім мен махаббаттың ұштасқан ордасына айналған бұл орта тәрбиенің бастауы, ұлттық құндылықтарды бойға сіңірудің алғашқы мектебі болуымен бағалы. Десе де, отбасылық жағдайлардың күрделеніп, шаңырақтың шайқалар сәттері болатыны рас. Бұл түсініспеушіліктердің салдары ажырасуфакторларына әкеп соғуда.
Жасыратыны жоқ, елімізде ажырасу дерегі жыл сайын артып келеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша 26,7 мың неке тіркелсе, 8,8 мың ажырасу дерегі анықталған. Некенің күйреуіне әкелген бұл мәселенің себептері де көп. Бірақ «басты себеп не?» деген сауалға нақты жауап табу қиын.
Аудандағы ахуалға келер болсақ, жыл басынан бері сот бөліміне барлығы 75 арыз келіп түскен. Бұған былтырдан қалған 23 арызды қоса есептесек, бүгінде барлығы 98 отбасының ажырасуға ниет білдіргенін байқаймыз.
Расында, мемлекеттің іргетасы жанұядан басталары анық. Бұл – адам баласының тәрбиемен сусындап, өсіп-өніп, түлеп ұшатын алтын ұясы. Ал жақсы мен жаманның, арам мен адалдың аражігін ұқтырып, адалдық пен тектілік қасиеттерді ұрпақ санасында қалыптастыруға сеп болатын жандар, осы отбасының ұйытқысы – әке мен ана болса керек.
Асыл дініміз тұрғысынан да отбасы мәселесіне көп көңіл бөлініп, қоғамның ең маңызды құрылымына бағаланған. Мұнда, ең алдымен, сыйластық пен сенім болуы шарт. Егер бұл қасиеттер ерлі-зайыпты жандардың тарапынан қатар болса, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен сезімі арта түспек. Сондықтан отбасылық өмір қуаныш әкелу үшін шынайы сүйіспеншілік, терең құрмет және береке-бірліктің болғаны аса маңызды.
Әлемде жыл сайын атап өтілетін «Отбасы күні» мерекесі осындай жанұядан басталатын құндылық негіздерін айқындап, рухани болмысты жоғалтпауға үндейді. Шынында, сынақтарды сабырға жеңдіріп, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге әрекет қылсақ, көп нәрсе ұтар едік. Айтуға оңай, әрине. Ал аядай ғана ауданда жыл сайын 100-ден астам жанның дәм-тұзы жараспай, шаңырағы шайқалуына не себеп?

Таслима ӘЛІШЕР
Фото: bayatilaw.com
16 мамыр 2024 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930