Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда ажырасу саны өскен

Ауданда ажырасу саны өскен

Биыл ауданда ажырасу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға өскен. Бұл туралы аудандық соттың төрағасы Марат Күздеубаев әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысында мәлімдеді. М.Күздеубаевтың дерегінше алдыңғы жылы өңірде 133 отбасының ажырасу туралы арызы қаралған болатын. Оның ішінде 95 ерлі-зайыпты екі жаққа кеткен екен. Биыл бұл көрсеткіш жыл басынан бері есептеу бойынша 180 арыз түскен. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда осы жылы ажырасу факторы 38 пайызға өскен. Сот төрағасының мәліметінше, ажырасуға ниетті ата-аналардың арасында атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін некесін бұзғысы келетіндері де бар екен. Алайда мамандар түсіндірме жұмыстары арқылы 18-ге жуық жанұяның жарасымын сақтап қалған. Сонымен қатар өңірде ажырасуға ниетті өзге де жандармен әртүрлі түсіндіру жұмыстары және алдын-алу шаралары атқарылуда. Мәселен, медиация тәсілін пайдалану арқылы 18 жұбайдың ажырасуына жол берілмеген. Олардың ішінде билер кеңесінің арқасында отбасын сақтап қалғандары да кездеседі.
«Өскен өңір» ақпарат
29 қазан 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930