ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖҮГІ АУЫР

Мен бұл салаға өз қызығушылығыммен келдім. Еңбек жолымды 2013 жылдың ақпан айында «Алмалы» дәрігерлік амбулаториясында бастадым. Содан кейін осы жылдың желтоқсанында Шиелі аудандық жедел жәрдем станциясына ауыстым. 2016 жылы аудандық емхана бөлімінде жедел жәрдем шақырудың IV категория¬сын пилоттық жобада фельдшер болып қызмет атқардым. Бүгінгі таңда Шиелі аудандық емхана бөлімінің аға фельдшері болып жұмыс істеймін. Өзімнен кейінгі жас буын мамандарға тәлімгерлік қызмет жасап, дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек алгоритімдері бойынша семинар-тренинг сабақтарын үйретіп келемін.
Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл Фараби: «Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек» деп айтқандай, өмір жолымда осы ұстанымды тірек етіп келемін.
Ардақ АБИЛОВ,
Шиелі аудандық емхана бөлімінің аға фельдшері