МЕРЕКЕҢМЕН, МЕДБИКЕ
Бүгін – Халықаралық медбикелер күні. Жүгі ауыр салада қалтқысыз қызмет етіп, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игі қызмет жасап жүрген медбике ісі қашанда сый-құрметке лайық. Себебі әрбір жанға медициналық көмек көрсетуде дәрігермен қатар, медбикенің атқарар рөлі зор. Ол маман иелері денсаулық сақтау ісінің ажырамас бір бөлігі.
Мереке қайдан бастау алды?
Медбикелердің кәсіби мерекесі дәл осы күнге тектен текке қойылмаған. Бұл күні Англия елінің тұрғыны, медбике Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) дүниеге келген. Ол Қырым соғысында (1853—1856) өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүниежүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашты. Қайырымдылық қызметі аясында олар соғыс кезінде жараланған азаматтарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, ем-дом шараларын өткізген. Медбикелер тәулік бойы Түркия мен Қырым ауруханаларында оққа ұшқан жауынгерлерді емдеп, өлімнен арашалап, аяқтарына тұрғызған. Игі істері үшін оларға әркез құрмет көрсетіліп, орасан зор алғыс білдірілетін. Ф.Найтингейл ашқан қайырымдылық қызметінің арқасында жауынгерлер өлімінің көрсеткіші 42%-тен 2%-ке дейін төмендетілді. Майданнан кейін өз еліне қайтқан Флоренс Найтингейл әскери медицина қызметін құрып, жергілікті медициналық мекемелерде ауа желдеткіштері мен су құбырларының орнатылуын талап еткен. 1860 жылы ол алғашқы медбикелердің қайырымдылық мектебін ашты.

Мейірімділік символына айналғандар
Медбикелер – шеберлік пен білімді ұштастырған, жан-жақты, күтім процесіне толығымен жауапты, науқастарға мейірімділік көрсететін жандар. Бүгінгі медбикелерді тек дәрігер айтқанының орындаушысы ғана деп түсінуге болмайды. Олардың міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты психикалық, физикалық, әлеуметтік потенциалын жүзеге асыруға үйретіп, дағдыландыру.

Қазіргі таңда Қазақстанның медицина саласында 150 мыңнан астам медбике қызмет етсе, Қызылорда облысында 9,5 мыңнан астам орта буын медициналық қызметкер жұмыс істейді. Ал аудандағы амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 857 орта буынды медицина қызметкері бар және олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.
Үш мыңға жуық халқы бар Ақмая ауылындағы амбулаторлық емханада 13 маман халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Оның 9-ы орта буын медицина қызметкері. Емханадағы тәжірибелі медбикелер Рабия Мекебаева мен Алия Әбдікәрімқызының Гипократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүргеніне қырық жылға жуықтаған. Ал науқастың тілін тез тауып, дертін инемен ғана емес бар мейірімімен емдейтін Закира Майгелдиеваның бұл салада еңбек етіп келе жатқанына 20 жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында талай қысыл-таяң кезеңге тап болып, қаншама сыннан сүрінбей өткен олардың үшеуі де жоғары санатты.
– Медбикенің жұмысы қызық әрі қиын. Ауылда мейірбикелерге жұмыс тіпті көп. Халыққа бәрін алдын ала түсіндіру, балалардың 1 жасқа дейінгі денсаулығын бақылау да – осы маманның міндеті. Кейде ауруын біліп тұрып, дәрігердің айтқанын істемейтіндерге бірнеше рет түсіндіруге тура келеді. Біздің жұмыста «8 сағат істедім, жұмысым аяқталды» деген нәрсе жоқ. Ауру деген күн-түнге, жыл мезгіліне қарамайды. Адамдарға кез келген уақытта, оқыс жағдайдың бәрінде керекпіз. Әсіресе медбикелер әркез науқастың жанынан табылады. Жұмыс істеп жүріп, жас мамандарға осы қызметтің қыр-сырын үйрететін де тәжірибелі мамандары. Олар «бірінші өздеріңді сақтаңдар, ауырмауға тырысыңдар, сосын өте таза болыңдар», – деп, жастарды үнемі шыңдап отырады, – дейді емхана дәрігері Г.Рсаева.
Алдыңғы толқын апаларымыздың ұлағатты істері мен өнегелі еңбек жолдары кейінгі толқын өкілдеріне үлгі болары сөзсіз. Өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игі мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейірбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.
Ендеше, денсаулық жаршысына айналған науқасқа ем сыйлаушы жандарды келіп жеткен төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Гиппократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарушы мейірбикелердің мәртебесі үстем болсын!
Гүлхан ЯХИЯ