Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біртанов: Жедел жәрдем – анықтама қызметі емес

Біртанов: Жедел жәрдем – анықтама қызметі емес


Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында Жедел медициналық көмек бригадаларының және стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарысы өтеді.

Жарысқа еліміздің 17 аймағындағы жедел медициналық көмек бригадасы және қабылдау бөлімінің командалары қатысады. Іс-шараның мақсаты - ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, халыққа шұғыл көмек көрсету дағдыларын жетілдіру, шұғыл медициналық көмек көрсету тәжірибесімен алмасу үшін оңтайлы жағдайлар жасау. 
"Құрметті әріптестер, IV республикалық жарысқа қатысушылар! Бүгінгі жарыс ерекше: жедел медициналық бригада ғана емес, қабылдау бөлімінің командалары да қатысады. Бұл жарысқа бәрі ұзақ уақыт дайындалды, сондықтан осы екі күн қызықты өтеді деп ойлаймын. Бұл жерде облыстық, халықаралық жарыстарға қатысқан командалар бар, сондықтан бір-біріңнен үйренерлерің көп. Жалпы алғанда, біз алғашқы жедел медициналық көмек реформасына көп көңіл бөліп жатырмыз. Соңғы екі жылда жедел жәрдемнің шақырған мекенжайға жету уақыты 25 минуттан 15 минутқа қысқарды, демек халықаралық стандарт талаптарына сай болуға жақындап қалдық",  - деді конференцияның ашылу салтанатында ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов. 
Сондай-ақ, министр мамандардың көбі базалық стандарт бойынша білімін жетілдірілгенін айтты.
"Осы бағытта реформаны жалғастыра бермекпіз. Ең бастысы - жедел жәрдем шақыратын жағдайларды азайтуымыз керек. Жедел жәрдем шақыру бойынша салыстырып қарасақ, біздің елде жедел жәрдем шақырту жағдайы басқа елдермен салыстырып қарағанда бірнеше есе жоғары. Мұның басты себебі - адамдардың жедел жәрдемді анықтама қызметі деп қабылдауында. Жедел жәрдем қызметі шұғыл, жедел көмекті қажет ететін жағдайларға арналғанын түсіну керекпіз. Бұл бағыт бойынша бізді көп өзгеріс күтеді. Алдағы үш жылда аудандық аурухана, емхана, қабылдау бөлімдері кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Жарысқа қатысушы әр команда мықты деп ойлаймын, бірақ ең мықтысы жеңеді", - дейді Біртанов.
Шараға ҚР медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдарының өкілдері, Италия мен Германияның халықаралық сарапшылары шақырылды. 
Қатысушылар шұғыл көмек көрсету бойынша клиникалық станциялардан өтеді. Әрбір тапсырма үшін манекендерді және стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, нақты жағдайларға барынша жақындатылған клиникалық станция дайындалды. Қазылар алқасы, емтихан алушылар жедел медициналық көмек бригадаларының және стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің жұмысын бағалайды.
22 шілде 2019 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031