Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды қылмыстық іс жүргізу – заман талабы

Электронды қылмыстық іс жүргізу – заман талабы

 Қылмыстық істер әрдайым қағаз жүзінде қалыптасып келеді. Әртүрлі тергеу әрекеттері, тергеушінің, прокурордың және соттың шешімдерімен  өзге де процессуалды құжаттары қағаз түрінде шығарылып бекітіледі. Қылмыстық істің күрделігі мен көп эпизодтылығы, сот сараптамасының көптігі, сотталушылардың, жәбірленушілердің және куәгерлердің санына байланысты процессуалдық құжаттардың көлемі ұлғаяды, бұл өз кезегінде  көлемді томдардың пайда болуына ықпал етеді, кейбір істердің саны 1000 томға дейін жетуі мүмкін.
Бүгінгі таңда, сотқадейінгі және сот өндірісіндегі тергеп-тексеруаса ауырланған, бұған көптеген қаржы, адам жәнеуақыт ресуртары шығындалады.
Сондай-ақ, процес қатысушылардың қылмыстық істің процессуалдық материалдарына уақытылы қолжетімділік мүмкіндігі пайда болды, аталған жағдай халықтың сотпен және құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынастарды оңтайландыра түсті.  
Қылмыстық сот өндірісінің барлық кезеңдерін, яғни құқық бұзушылықтытіркеуден бастап сот үкімінің шығарылуына дейін цифрландыруға мүмкіндік берді.
Қылмыстық сот ісін электронды жүргізуге ақпараттық технологиялардың енгізілуі оның ашықтығының жоғарылауына, тергеу әрекеттерін санкциялауға қажетті құжаттарды ұсыну мен нәтижелерін алу уақытын айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ қылмыстық процесс сапасын жақсартуға және жеңілдетуге, қағаз жүзіндегі құжат айналымға кететін шығынды оңтайландыруға алып келеді.
Сот өндірісінде де «Электронды қылмыстық іс» жүйесінің жағымды жақтары зор, ол дегеніміз қағазбастылықтан құтылуға, бюджет қаражатын  және судьялардың, сот қызметкерлерінің және процесс қатысушыларының уақытын үнемдеумен қатар, істің тергелу мерзімін қысқартуға және процессуалдық  қатынастарды болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға зор үлесін қосады.
Ақпараттық технологиялардың және оның негізіндегі ақпараттандырудың жаһандық процесі, қазіргі әлемді өзгертеді және адамзат қоғамының постиндустриялық дамуынан ақпараттық кезеңге көшірудің бастамасы болып табылады.
Ж.С.Оспанов
Шиелі аудандық соты                                                                
26 сәуір 2024 ж. 245 0