Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тергеушілер 50 мыңға жуық істі сотқа жіберді

Тергеушілер 50 мыңға жуық істі сотқа жіберді


Фото: polisia.kz

Бүгінде еліміздегі қылмыстық істердің 96%-ын ішкі істер органдарының тергеушілері тергеп жатыр. Осы жылдың басынан бері полиция 360 мың қылмыстық істі тергеді. Оның ішінде 167 мың іс аяқталды. 50 мыңға жуығы сотқа жіберілді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, биыл ІІМ тергеушілері азаматтарға үлкен шығын келтірген қылмыстық топтарға, есірткі зертханаларына, бала саудасына, қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеуді аяқтады. Ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 49 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 1 409-ы аса ауыр қылмыс, 12 517-сі ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Тергеушілер жұмысындағы басым бағыттардың бірі – қылмыстан зардап шеккендерге келтірілген шығынның өтелуін қамтамасыз ету.

Биыл жәбірленушілерге 21 млрд теңгеден астам шығын өтелді. Ал мүлікті тәркілеуге қатысты сот үкімін орындау мақсатында 1 млрд теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Тергеу нәтижелері бойынша тергеу және анықтау бөліністерімен қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы 50 мыңнан астам ұсыныс енгізілді.
27 желтоқсан 2023 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930