Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады

Биыл колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады

2024 жылы колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпаратынша, биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланған. Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз етуге және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

«Колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы ғана еліміздің тоғыз өңірінде 2,5 мыңнан астам орындық 13 жатақхана ашылды. Біз бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы 11 жаңа жатақхана іске қосылады. Қазіргі таңда олардың құрылысына инвесторлар тартылуда», - деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.
01 сәуір 2024 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30