Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді

Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді



Сурет ашық дереккөзден

Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды. Оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды.

Айта кету керек, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға өседі, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.
04 қыркүйек 2023 ж. 47 0

Қоғам

Үлкен жүректі жан
25 қыркүйек 2023 ж. 73

Отбасы – ұлттың тірегі

25 қыркүйек 2023 ж.

90 бос жұмыс орны бар

25 қыркүйек 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 1-2

19 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам