Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «электронды үкімет» порталында бизнес ашумен байланысты төрт процедураны бір мезгілде тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Қазақстанда «электронды үкімет» порталында бизнес ашумен байланысты төрт процедураны бір мезгілде тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі


Электронды үкіметтің www.egov.kz порталында шағын және орта бизнес субъектілеріне кәсіпорынды тіркеген кезде бір мезгілде ҚҚС есебіне тұру, банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімшартын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет жұмыс жасайды.

         Бүгінгі таңда бұл қызметке екінші деңгейлі төрт банк «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық Банкі» және«Альфа-Банк», сондай-ақ екі сақтандыру компаниясы - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және «Азия Life» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ қосылған. 
         Қазіргі уақытта қосымша 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясын қосу жұмыстары жүргізілуде.
         Осылайша бизнесті осындай форматта электронды тіркеу шығындарды оңтайландырып, процедуралар мен мерзімдерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
         Бұрын кәсіпкер ең алдымен заңды тұлғаны тіркеуі, шот ашу үшін банкке тіркегені туралы анықтаманы апаруы, кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кірістер органына, сондай-ақ қызметкерді міндетті сақтандыру келісімшартын жасау үшін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болған.
Шиелі аудандық Әділет басқармасы
14 мамыр 2018 ж. 1 064 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 21

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930