Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 мың шетелдікті үйіне заңсыз тіркегендер анықталды

12 мың шетелдікті үйіне заңсыз тіркегендер анықталды

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдікті тіркеген 278 үйді анықтады. Тексеру барысында олар тіркелген мекенжай іс жүзінде болмағаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
«Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу елден шығып кетуі тиіс болған 29 шетелдік пен Қазақстанға заңсыз көшіп келгендердің 43 рет құқық бұзғанын анықтады.

Көші-қон кезінде 600 тәртіп бұзушылыққа жол берген 17 көші-қон полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фото: ашық дереккөзден

14 наурыз 2024 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031