Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда заңсыз жүрген 800 шетелдік ұсталды

Алматыда заңсыз жүрген 800 шетелдік ұсталды


Алматы, BAQ.KZ. Алматыда заңсыз жүрген еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған «Заңсыз» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел алдын алу шарасы кезінде қаладағы құрылыс алаңдары, базар, қоғамдық тамақтану орындары, білім беру мекемелері, сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тартуы мүмкін деген жаңадан бой көтеріп келе жатқан ықшам аудандар тексерілген.
«Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 794 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің келуін заңмен қамтамасыз етпегені үшін ҚР-ның 168 азаматына айыппұл салынды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тартқан 56 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 336 шетелдіктің жеке құжаты болмаған, сондай-ақ соттың шешімімен 196 шетелдік елден шығарылды. Осы шара барысында заңсыз миграцияны ұйымдастырудың үш арнасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - дейді Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асқат Бұтыншинов.
23 шілде 2019 ж. 1 103 0