МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген ұлы сөзі әрбір мемлекеттік қызметшінің ұранына айналуға тиіс. Кей адамдар отбасы дәстүрінен айнымау үшін ата-бабасынан үзілмей келе жатқан саланы таңдап жатады. Ал кейбіреулер жүрегі қалаған қызмет жолында аянбай еңбек етеді.
Мен мамандық таңдауды тағдырыңды таңдау деп түсінемін. Кейін өміріңде өкінбейтіндей, қабілетіңе сай, ары қарай дамуыңа оң әсерін тигізетін кәсіп түрін таңдаған жанның табысты болатыны анық. Себебі, мамандығын жақсы көретін жан «тар жол, тайғақ кешуде» еш берілмейді. Жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды.
Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл – өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айрықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуымен, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрғандай, бұл өте жауапты да, қиын және қызықты қызмет екенін айтпасада анық.
Д.СМАИЛОВ,
Шиелі аудандық сотының аға сот приставы
Шиелі аудандық сотының аға сот приставы