Мемлекеттік қызметші-ел айнасы.
Мемлекеттік қызметші-мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң щеңберінде шешуі талап етіледі.
Мемлекеттік қызметші болу-бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Кез-келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің белгісі.
Мемлекеттік қызметші бір саланы қамтитын мамандық емес, ол Елбасымыздың саясатын жергілікті жерде жүргізетін, халықпен тығыз байланыс орнататын, елдің мұң-мұқтажына құлақ асып, қойылған міндеттерді жүзеге асыратын қызмет, мемлекетіміздің бет бейнесі.
Кейбір адамдардың ойынша мемлекеттік қызмет дегеніміз күніне 8 сағаттық жұмыс қана, ал шындығында мемлекеттік қызмет дегеніміз тәулік бойы міндет пен жауапкершілік. Олай болса, мемлекеттік қызметкер болу-зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрғандай, бұл өте жауапты да қиын және қызықты қызмет екенін айтпасада анық. Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізде өркендету жолында еселі еңбек ету басты мақсатымыз.

Шиелі аудандық сотының
бас маман сот отырысының
хатшысы Г.Косжанова
бас маман сот отырысының
хатшысы Г.Косжанова