Еш кетпеген ерлігі
Ертеректе сəл осыдан, білуімше тарихтан,
Бір ел бопты Германиядай күші симай,тасыған.
Еуропаны жауламақ боп əскерлерін жинақтап,
Соғыс ашып, күш көрсетіп, талай жерді басынған.
Əділетсіз соғыс ашып, біраз елді жеңіпті,
Біраз елдің сол соғыста жер көлемі кеміпті.
Көздегені – КСРО боп аттаныпты фашистер,
Таң атпастан осы елге баса-көктеп келіпті.
Иə,күтпеген ғой біздікілер бұндайды,
Бірақ біздің өршіл халық бұған қарап тұрмайды.
Естіген соң Сталиннің үндеуін,
КСРО-ның батырлары басын бірге жинайды.
Жиналған соң барлығы да ақылдасып шешеді,
Отан үшін соғыспаса не теңі?!
Осылайша алғаш кезде аз əскермен аттанып,
Кейінірек бір-біртіндеп көбейтіпті есені.
Талай қазақ жастары да аттанады осында,
Ал, əйелдер, қариялар тылға шықты тосылмай.
Жап-жас қыздар Əлиядай өр мінезін көрсетті,
Талай фашист адамдарын жай отындай өртепті.
Сол кезеңде қазақтардан талай көмек жетіпті,
Астықпен де, ақшамен де қамтамасыз етіпті.
Соғыстағы əр атылған он оқтың 8-9-ы,
Шымкенттің қорғасынды зауытынан жетіпті.
Тура осылай 4 жыл бойы соғысыпты екі ел,
Мақсаттары – жету болған жеңіске.
9-шы мамыр күні тізе бүккен Германия,
Қол қойыпты Подстамда актіге.
Дəл сол істің себепкері шыққан екен қазақтан,
Баршамызды азат еткен соғыс дейтін азаптан.
Рейхстакқа тіккен туды Р.Қошқарбаев атамыз,
9-шы мамыр күні жеңіс дəмін ұсынған.
Тəуелсіздік. Бейбітшілік. Қандай ерек ұғымдар?!
Тарих бетін ақтарумен сол нəрсені ұсынғам...
Қуанайық осы күні, ерекше ғып тойлайық!
Жеңіс күні еске түссін, қалмасыншы бұлыңғыр.
Ақмарал СӘРУАР,
№50 Абай атындағы орта мектебінің оқушысы.