ТУБЕРКУЛЕЗДЕН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП
Әлемдегі ең көп тараған жұқпалы аурулардың бірі – туберкулез. Адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуі салдарынан пайда болатын инфекциялы аурумен жыл сайын әлемде бірнеше миллиондаған адам ауырады. Көз жұматындары да аз емес.
Туберкулез – тек өкпенің ауруы емес, сондай-ақ адам ағзасындағы сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануына әсер етеді. Ол адамнан адамға ауа арқылы таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерімен дем алу жеткілікті. Бұл ауруға тек адамдар ғана емес, жануарлардың да шалдығуы мүмкін. Ал жануардың сүті немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.
Туберкулез белсенді болмаса, аурудың ешқандай симптомдары болмайды. Белсенді туберкулездің симптомдары: 3 аптадан артық уақытқа созылатын, кейде қан қақырығы болатын жөтел; Кеудедегі ауырсыну; Шаршау; Жоспарланбаған салмақ жоғалту; Тәбетті жоғалту; Қалтырау және түнгі тершеңдік.
Аталған аурумен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Денсаулықты сақтау үшін сау жүйке жүйесі қажет, сондықтан стресстен аулақ болу керек. Сондай-ақ денсаулықты қолдаудың маңызды шартык – күнделікті қалыпты жаттығулар.
Жасыратыны жоқ, бүгінде туберкулезбен ауыратын адамдар саны аз емес. Сондықтан әр адам қауіпті дертті жұқтырып алмаудың амалын ойлау керек.

Спандияр Абдиров,
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің жетекші маманы