Туберкулез тұзағына түспеңіз
Әлемде ең көп тараған жұқпалы ауру туберкулезден жыл сайын 2 миллионға жуық адам қайтыс болады.Мұндай қоғамның өзекті мәселесін әрбір адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу шараларын жақсы біліп, сол білімін қолданған жағдайда оның өсуі мен таралуын тоқтатуға болады.
Туберкулез таяқшаларын жұқтырудан ешбір адам қорғалмаған, себебі ауа барлық адамдар үшін ортақ. Туберкулез кез келген адамға жұғуы мүмкін, әсіресе оны жұқтыру бойынша «қауіп» тобына жататын адамдар: балалар, қарт адамдар, қант диабетімен ауыратындар, стероидты препараттар қабылдайтын адамдар, иммундық жүйені әлсірететін дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдар, ЖИТС жұқтырғандар, тұрмыс жағдайы нашар адамдар (жұмыссыздар, үйі жоқтар т.б.), маскүнемдікке және нашақорлыққа тәуелділер, жалпы денсаулық жағдайы нашар, иммунитеті төмен адамдар.

Туберкулездің алдын алуға халықтың тұрмыс, еңбек, өмір сүру жағдайын, әсіресе дұрыс тамақтану сияқты әлеуметтік шаралар және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар, спорт пен дене шынықтыру жатады.Туберкулезді ерте анықтау – онымен күресудің негізгі бөлігі болып табылады. Ал флюорография, туберкулинді диагностика, микробиологиялық зерттеулер туберкулезді ерте анықтаудың негізгі әдістері. Әрбір адам жылына 1 рет міндетті түрде осындай тексеруден өтуі керек.Туберкулезді анықтаудың ең сенімді әрі тиімді тәсілі – туберкулез таяқшаларын қақырықты микроскопиялық тексеру арқылы анықтау. Манту сынамасы балаларда туберкулез таяқшаларымен зақымдалуды және туберкулезбен науқастарды дер кезінде анықтау үшін қолданылады. Бұл екпе емес, қауіпсіз диагностикалық тест.
Туберкулез дертін алғаш жұқтыру дерегі бойынша Шиелі ауданында 36 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылы 29 болса, биыл 7 адамға артып отыр. Бүгінгі таңда 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында бүкіл дүниежүзілік туберкулезбен күрес айлығы жүргізіуде. Егер туберкулез белгілері білінген жағдайда уақыт создырмай, дәрігерге жүгінсеңіз, өзіңіздің де өзгенің де өмірін құтқаруға болады. Туберкулез емделеді, алайда бұл ауруды өздігінен емдеп жазу мүмкін емес. Жұқпалы дертпен жұмыла бірге күресейік!
С. Абдиров,
Шиелі аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
Шиелі аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы