Туберкулездің алдын алу
Туберкулез (құрт ауруы) – (лат.тілінде Tuberkulum - төмпешік) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін. Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Адам туберкулез таяқшасы мен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас тиісті ем қабылдамаса, жылына 10-15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауруға мүмкіндігі жоғары. Көптеген адамдар өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтырған болуы мүмкін, бірақ аз ғана бөлігінде ауру дамиды.
Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсекжаймасында 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда – шексіз.
Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауыр ағымына ықпал ететін факторлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.
Туберкулездің негізгі белгілері:
1. Салмағын жоғалту;
2. тершеңдік;
3. Кеуде тұсының ауыруы;
4. қантүкіру;
5. Жалпы әлсіздік және тез шаршау;
6. Дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы.
Туберкулездің алдын алу шаралары
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді.
2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырық қабак териоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді.
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдарымен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:
1. үйді тұрақты түрде желдету;
2. Айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
3. Көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
4. тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді; .
5.1% натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;.
6. Кох таяқшасы 60С температурада 20 минуттан кейін және 70С температурада 5 минуттан кейін өледі;.
7. Науқас пайдаланған қағаз бет орамалдарды міндетті түрде өртеу керек;
8. көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады. Сондай-ақ, туберкулез бактериялары жоғары температураға сезімтал келеді;.
9. Сонымен қатар, Кох таяқшасына хлор белсенді әсер етеді, сондықтан хлорамин ерітіндісін, хлорлы әкті зарарсыздандыру үшін жиі қолданады.
ӨЗІҢІЗДІ КҮТІҢІЗ!!!