Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ

Өмір кейде адамға сұрақ қоймайды, тек мүмкіндік ұсынады. Сол мүмкіндікті көре білу үлкен өнер. Шиелі топырағынан түлеп ұшқан, медицина саласында еңбек етіп жүрген Бекзат Рахатқызы үшін тағдырдың сондай бір бұрылысы декреттік демалыс кезеңімен тұспа-тұс келді. Бұл уақыт оның өмірінде үзіліс емес, жаңа бір шығармашылық тыныстың бастауы болды.
Ақ халат киіп, адам жанына араша болған жан, үйдің тыныш әлемінде басқа бір миссияны тапты. Ол миссияның аты – «Рахат» шоколадты құлпынайы. Алғашында жай ғана қызығушылықтан басталған бұл іс уақыт өте келе сұранысы тоқтамаған шағын кәсіпке айналды. Балғын құлпынай мен шоколадтың үйлесімі көптің жүрегін жаулады. Бұл жерде мәселе тек дәмде емес. Әрбір құлпынай – ұқыптылықтың, талғамның, нәзік эстетиканың жемісі. Ол сөзсіз айтылатын алғыс, сыйлыққа айналған сезім. Сондықтан да Бекзаттың тәттілері мерекелік үстелдің сәні ғана емес, адам мен адамды жақындастыратын символға айналды.
Бүгінде жұртшылық қызыға қарайтын шоколадты құлпынай тек дәм емес, талғамның, эстетиканың белгісі. Қып-қызыл балғын жидектің сапалы шоколадқа малынуы сырттай қарағанда жеңіл іс секілді көрінер. Алайда бұл кәсіп үлкен жауапкершілікті, ұқыптылықты, технологиялық білімді талап етеді. Мұны түсінген Бекзат Рахатқызы аталмыш істі арнайы үйреніп, әрбір детальға мән беруді әдетке айналдырды.
Ол тек тәтті жасаумен шектелмей, құрғақ жемістерден жасалатын ерекше букеттерді де нарыққа ұсынды. Бұл бүгінгі тұтынушы талғамына дәл келген идея. Қымбат гүлдер солып қалса, денсаулыққа пайдалы жеміс букеттері ұзақ сақталады әрі мағыналы сыйлыққа айналады. Табиғат пен эстетиканы ұштастырған бұл өнімдер көптің көңілінен шығып отыр.
Бекзат Сартаева – қазіргі қазақ әйелінің жаңа бейнесі. Ол декреттік ­демалысты күту кезеңі емес, өсу кезеңі екенін дәлелдеді. Ақ халат пен шоколад иісін ұштастыра білген жан өз тағдырын өзі жазып келеді. Тәтті арқылы тағдыр түзеу екінің бірінің қолынан келмейді. Ал Бекзаттың «Рахат» шоколадты құлпынайы сол еңбектің дәмі, сол жолдың белгісі.

С.МАДИЯРОВА
17 желтоқсан 2025 ж. 28 0

Қоғам

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ
17 желтоқсан 2025 ж. 29

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031