Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәтті құлпынайды қалай таңдаймыз: 7 пайдалы кеңес

Тәтті құлпынайды қалай таңдаймыз: 7 пайдалы кеңес

Дүкен сөрелеріне құлпынай келе бастады. Құлпынайдың дәмі мен пайдасы оның қандай шарттарда өскеніне байланысты. Ендеше, дұрыс құлпынайды қалай таңдаймыз?

1. Құлпынайды маусымның басында емес, ортасында немесе аяғында сатып алған дұрыс. Әрине, маусымдық шырынды және тәтті жидекті тездетіп жеп көргіміз келеді, бірақ маусымның ортасына таман тәтті әрі хош иісті құлпынайлар шыға бастайды. Ауа райы тұрақталғанда, құлпынай бұталарына күн жарығы жеткілікті түсе бастағанда одан тәтті әрі қанық қызыл жидектер шығады.
2. Құлпынайды иіскеп көріңіз. Оның иісі қаншалықты қатты болса, ол соншалықты дәмді болады. Бірақ сұрыбына қарай оның иісі де әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте ұсақ құлпынайлар хош иісті болады да, ірі құлпынайлар сәл су татып тұруы мүмкін.
3. Жәшіктің ішін қараңыз. Құлпынай зақымдалмаған және езілмеген болуы керек. Сондай-ақ құлпынайдың топырағы көп болмауы керек.
4. Сабағына мән беріңіз. Біріншіден, оны құлпынайдан алып тастамаған болуы керек. Себебі кей сатушылар осылайша жидектің бұзылғанын жасырғысы келеді. Гүл тостағаншасының жапырағы жасыл және қатты болуы керек. Ол құрғақ болса, бұл құлпынайды дұрыс сақтамағанын білдіреді. Оның дәмі де нашар болып шығуы мүмкін.
5. Қаптамаға мән беріңіз. Егер ыдыстағы құлпынай алатын болсаңыз, мөлдір контейнердегі түрін таңдаңыз. Одан сатушы сізден ештеңе жасырып тұрмағанын көре аласыз. Жалпы үлкен ыдыстағы құлпынайды алудың қажеті жоқ. Үлкен көлемде құлпынайлар өз салмағына езіліп қалуы мүмкін және оны бірінші күні тауыспасаңыз, ол келесі күні бұзылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ыдыстың түбінде құлпынай шырыны болса, мұндай жидекті алмаған жөн.
6. Үлкен құлпынайларға қызықпаңыз. Құлпынайдың үлкен өлшемі оның дәміне кепілдік бермейді. Оған қоса, ол нитраттармен немесе басқа да зиянды заттармен егіліп өсірілген болуы мүмкін. Әдетте үлкен құлпынайлар қышқыл немесе дәмсіз болады.
7. Түбі ақ құлпынайларды алмаңыз. Оның біркелкі қызыл болғаны жақсы. Әдетте оның түбінің ақ болуы құлпынайдың әлі толықтай піспегенін білдіреді.

Фото: massaget.kz
05 мамыр 2024 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031