ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК «100 КІТАП» ЖОБАСЫ
Әл-Фараби атындаңы Қазақ Ұлттық университетінде жалпыуниверситетік «100 кітап» жобасы таныстырылуда. Мұндағы негізгі мақсат, аталмыш кітаптардың имиджін қалыптастыру, оны оқуға деген оқырмандардың қызғушылығын ояту.
Бір сөзбен айтқанда, осы кітаптарды қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқу арқылы студентер өз елінің, сондай-ақ өзге елдердің тарихын, мәдениетін тереңірек біле алмақ. «100 кітапқа» байланысты барлық іс-шаралар жастарды рухани жаңғыруына үлкен септігін тигізбек. Олардың терең ойлануына, адамгершілік қасиеттеріне, өзгенің қиыншылығы мен қуанышын бөлісуіне ықпал етпек. Университеттің физика-техникалық факультетінің физика мамандығының 3 курс студенттері қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабына байланысты кеш өткізді. Іс-шара барысында үйірме мүшелері өз курстастарына бұл жарық дүниеде білімсіз ешқандай игіліктің жоқ екенін түсіндірді. Үйрме мүшесі Қалбинұр Мұталипова ұлы Абайдың қара сөздерінен көптеген мысалдар келтірді. Әсіресе, ұлы ойшылдың білім жөнінде айтқанын тілге тиек етті. «Білімсіздік адамды жарты етеді, ал білімді адам әлемді өзіне бағындыра алады. Ал, білім мен ақылдылық адамды күшті де сұлу ете алады» деген Абайдың ғибраттарына студенттер тағы бір мәрте тәнті болды.
Іс-шара аясында Перизат Көбеев және Гүлназ Исаева ұлы ойшылдың жастар жөнінде айтқанғибратты сөздерімен бөлісті. Осылайша студенттер Абай жолына тағы бір үңілу арқылы өздерінің жан дүниесін жаңғыртып, ұлттық сана-сезімі тереңдеп, өз бойларында еліне деген отаншылдық қасиеттерді нығайтты. Жобаның көздеген мақсаты да осы…
Ш.Ғұмарова,
Л.Страутман,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушылары.