Соттың хабарлаулары мен шақырулары жайлы не білесіз?

Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда сотқа шақырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы, соттың атауы мен мекенжайы, сот отырысының уақыты, істің қысқаша атауы, адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығы, хабар жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.
Хабарлау немесе сотқа шақыру ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе өзге де телефонына қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Бұл туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс.
Қазіргі таңда, сотқа қатысатын адвокаттар мен өкілдерге хабарламалар сот кабинеті сервисі арқылы жіберіледі. Сонымен бірге, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіне жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.
Қорыта келгенде соттың хабарлаулары мен шақыру қағаздары тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары арқылы жіберіледі.
Хабардың жіберілгендігін растайтын құжаттар іс материалдарына тіркеледі.
Н.Қ.Елшібеков
Шиелі аудандық соты
әкімшісінің бас маман- сот
мәжілісінің хатшысы