Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот отырысының электронды хаттамасын жүргізу

Сот отырысының электронды хаттамасын жүргізу

 Сот отырысын жүргізу кезінде дыбыс-бейнежазБіртанов ісі: Негізгі сот отырысының уақыты белгілендіба құралдары, сот отырысының хаттамасы электрондық хаттама немесе ДБТ болып табылады.
Электрондық хаттама соттардың сот отырыстарын дыбыс-, бейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы жасалған цифрлық дыбыс және бейнежазбалардан тұрады.
Электрондық хаттама жасалған кезде сот отырысы залының жергілікті компьютерінде сақталады. Электрондық хаттаманың көшірмесі облыстық деңгейдегі негізгі және резервтік серверде сақталады.
ДБТ АБК техникалық тіркеуді жүзеге асыратын сот отырысы хатшысының жергілікті компьютеріне сот отырысы залында орнатылған микрофондардан дыбыстың үздіксіз цифрлық жазбасын және бейнекамералардан бейнежазбаны жүргізеді.
Электрондық хаттама серверлерде файл түрінде сақталады, олардың атауы автоматты түрде қалыптастырылады және істің нөмірінен, сот талқылауын өткізу күні мен уақытынан тұрады. Электрондық хаттаманың ажырамас бөлігі ретінде сот отырысы аяқталғаннан кейін оны сәйкестендіру және тұтастығын тексеру үшін жеткілікті ақпаратты көрсететін оның қысқаша мазмұнының сипаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады.
Сот отырыстарының хаттамаларымен танысу іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Іске қатысатын адамдардан немесе олардың өкілдерінен өтінішхаттар келіп түскен кезде сот отырысының хаттамасын төрағалық етуші мен сот отырысының хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынуға міндетті.
Сот отырысының хаттамасымен танысқан адам өзінің арызында  танысу туралы тиісті белгі қояды. Сот процестерін дыбыс-бейне тіркеу электрондық хаттамалау мүмкіндігімен дамудың жаңа кезеңіне өтеді, ол өз кезегінде процеске қатысушылардың «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінде қарауы үшін қолжетімді болады.
А.Табиғатова
Шиелі аудандық сотының
бас-маман, сот отырысы хатшысы                                   
11 қаңтар 2024 ж. 296 0