Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХЫ ТЕРЕҢ МАМАНДЫҚ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ МАМАНДЫҚ

Адвокат | Юрист | Заңгер | Юридические услуги Шымкент: №183763. Услуги на  Domler.kz Қоғамдағы қауіпсіздіктің, әділдіктің, туралықтың кепіліне айналған соттың дамуына, тәуелсіздігін нығайтуға мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді.
Әлемнің кез келген құқықтық, демократиялық елі үшін сот тәуелсіздігінің мәні мен маңызы өте зор. Ешкімге жалтақтамайтын, сыртқы ықпалдан толық қорғалған соттың алаңсыз қызмет етуіне кедергі болмайды.
Биліктің бір тармағы саналатын бұл құрылымға құрмет көрсету баршаның парызы.

Хатшы қызметінің тарихы сонау тереңнен бастау алады. Өткеннен алынған сабақтың болашаққа бағдар болуында хатшылық қызметтің маңызы зор. Соны түсінген хандар мен билеушілер кезінде жанынан жылнамашыны тастамаған. Сол жылнамашылардың маңызды қызметін бүгінде хатшылар лайықты жалғастыруда. Соның ішінде сот тарихын түзетін, сот хаттамаларын дайындайтын сот хатшыларының қиын да жауапты жұмысы туралы айтпай кетуге болмайды.
Сот отырысы хатшыларына да қойылатын міндет пен талап аз емес. Олардың қызметтік функциясы тараптар күнделікті куә болып жүргендей тек сот залында отырып хаттама түзумен шектелмейді. Сот отырыстарының ортақтәртіпке сай, ешбір кедергісіз өтуі тиянақтылықты, жауаптылықты
қажет етеді. Сот залындағы мінсіз қызмет сот хатшылары атқаратын жұмыстың беткі, тараптарға көрінетін жағы ғана. Ал көпшілік біле бермейтін қызметі бұдан гөрі ауқымды. Соның ішінде сот отырыстарын ұйымдастыру, сот қатысушыларын шақыру, олардың әр процеске кешікпей келуін қамтамасыз ету, сот отырыстарында тәртіптің бұзылмауын қадағалау сот отырысы хатшыларының негізгі міндеттерінің бірі. Төрелік алаңына
келгендер сотқа байланысты сауалдарының жауабын  сот хатшыларынан алады. Мұның өзі хатшыларды құқықтық жақтан білімін үнемі жетілдіріп отыруға, сауалдарға нақты жауап беруге итермелейді. Сот отырыстарында небір даулы істер қаралады. Ел білетін, жұрт қадіртұтатын азаматтардың да сотқа ісі түсуі әбден мүмкін. Сот отырыстары ашық өтеді дегенімізбен, мемлекет тарапынан шектеу қойылатын істер де сот хатшыларының қатысуымен жүргізіледі. Мұндайда сот алаңындағы мәліметтердің, жеке басқа қатысты құпиялардың сыртқа шығып кетпеуі, көпшілікке таралмауы маңызды. Осыны ескере отырып сот хатшылары процесс барысында өзіне белгілі болған мәліметтерді көпшілікке таратпау міндетін басшылыққаалады. Сот отырысының хатшысы сонымен бірге хаттаманың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді. Өйткені, бұл сот алаңында қаралған әрбірістің ресми жылнамасы. Әрине, хаттама дайындаудағы бұрынғықиындықтардың барлығы қазір артта қалды. Жаңа технологиялар енгізіліп,сот отырыстары толықтай дыбыс-бейнетаспаларға жазылатындықтан хатшыларға енді әрбір қатысушының сөзін хатқа тізіп, толық хаттамаәзірлеудің қажеттілігі жоқ. Бүгінде тек қысқаша хаттама жазылып, мұрағатқа
таспамен бірге сақталады. Сот хатшысы хаттамада мәліметтерді бұрмалауға, қате деректерді енгізуге қақысы жоқ. Бұл үшін арнайы жауаптылық қарастырылған
.
Осы соттарда жұмыс істеу арқылы судьялар бір салаға бейімделіп,
тәжірибесін жетілдірді. Бір салаға бейімделу судья қателігінің алдын алуға,
әр істі сапалы қарауға септігін тигізеді. Мұндай өзгерістің барлығы
қазақстандық сотқа тәуелсіздік алған кезден бастап жасалған тұрақтықамқорлық пен қолдаудың жемісі. Кешегі сот жұмысы мен бүгін соттың келбетін, кешегі сот тәуелсіздігі мен бүгінгі сот мәртебесіне қарап отырып егемендік алған кезден бері жасалған реформалардың ізсіз, нәтижесіз кетпегеніне қуанамыз. Осының бәрі бірлігі бекем ұжымның ынтымақтаса
атқарған қызметінің жемісі.

Н.Елшібеков
Шиелі аудандық сотының бас маман сот мәжілісінің хатшысы
27 желтоқсан 2022 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031